Блогерлермен жұмыс істеудегі қателіктер

11.10.2018

 

Бүгінде блогерлерге деген сұраныс өте жоғары. Сондықтан да, жарнама берушілер көбінесе солардың қызметіне жүгініп жатады. Соған қарамастан, олардың жарнамалары бірден сәтті бола бермейді. Бүгінгі материалда жарнама берушілердің қателіктерін сараптаймыз.

 

Блогер және контент

Блогер таңдаған уақытта оның жазар дүниесіне емес, мақсатты аудиториясына мән беріңіз. Жасөспірімдер жайлы видео дайындайтындар букмекерлік компания туралы ролик түсіре қояр ма екен?

Миллиондаған оқырмандар

Әдетте оқырмандарының саны миллионға жетіп жығылатын блогер көптің назарын өздеріне аударары сөзсіз. Алайда, бұл сандар сіздің жарнамаңыз үшін тиімсіз десек, сенесіз бе? Ұтымды жарнама үшін оқырмандар саны 50 мыңға дейін болса, жетіп жатыр. Ал, миллиондаған адамы бар парақша иелерінің бағасы да қымбат, жарнамаға деген назар да аз болмақ.

БІР Мәтін

Егер сіз өз жарнамаңызды бірнеше блогердің каналына жариялар болсаңыз, әрқайсысына лайықтап, жеке-жеке мәтін жазыңыз. Бір мәтін бірнеше жерден дыбысталса, тұтынушы үшін жақсы әсер болмасы анық. Әрі сенімге де селкеу түсері сөзсіз.

 

Ұзақ ашылатын сайт

Тауарды ұнатқан клиент бірден оның сайтына кіруге асығады. Соншалықты, әсермен сайтқа кірген тұтынушы ұзақ ашылып жатқан сайтты көрген соң, тауарға деген қызығушылығының төмендері анық. Сондықтан, сайттың техникалық мүмкіндігіне баса мән бергеніңіз абзал.

 

Бағалау тәсілі

Лайктар мен комментарийлер саны тауарға берілген баға емес. Оның құндылығын сізге хабарласқан қоңыраулар мен хаттар арқылы біле аласыздар.

Назира Қасымбек
  •  6218