Келісім-шарттағы ұсақ жазулар нені білдіреді?

09.10.2018

 

Көбіміз келісім-шартты аяғына дейін оқымаймыз. Оған басты себеп өте ұсақ жазулармен жазылғандығы. Алайда, осы қателігімізден талай кедергілерге ұшырауымыз мүмкін. Қалайша? Бірге зерттеп көрейік.

 

Жасырын төлемдер. Бұл –

Айталық, сіз өте тиімді пайызбен несие алдыңыз делік. Бірақ, келісім-шарттағы жазуларға мән берместен, қол қойдыңыз. Ал, дәл сіз оқымаған тұста жасырын төлемдер болуы мүмкін. Оның мәні алымшыға тиімді бағада несие беру кезіндегі банктің өтемақысы. Сот кезінде мекеме қызметкерлері мұны оп-оңай дәлелдей алады.

 

Үлкен пайыз

Келісім-шарттағы ұсақ жазулармен сондай-ақ, ондағы қағидаларды бір жақ тарапынан өзгертуге болатын шарт жазылған. Заң бойынша, мұны біржақты жасауға болмайды. Алайда, клиент бұл талапты бұзса, біраз шығындалуға тура келеді.

Өсім мен айыппұл

Бұл әдетте несиені мерзімінен асырып төлейтін жағдайлармен байланысты. Сонымен қатар, мұның артында үлкен айыппұл болуы мүмкін. Яғни, келесі жарна қарызды жабуға кетпек. Ал өсім мен айыппұл өскен сайын, қарыз да ұлғая береді. Сондықтан, барлық шартты толығымен оқып алғаныңыз дұрыс.

 

Қосымша қызмет көрсетулер

Ереже бойынша, банк қызмет көрсеткені үшін ақы алмауы тиіс. Алайда оны басқа жолмен өндіріп ала алады. Мәселен, төлем жайлы ескерту, картадан ақша алу, қызмет көрсетулер жатуы мүмкін.

 

Біз келтірген мысалдар кедергілердің бір парасы ғана. Келісім-шартты аяғына дейін оқымағандығымыз талай қиындыққа ұшыратып, қалтадан талай қаражаттың шығуына әкеп соғады. Сондықтан, кез-келген құжатты бастан-аяқ оқып шыққанымыз еш уақытта артық етпейді.

Назира Қасымбек
  •  6579