09.06.2018
21-рет өткелі отырған футболдан әлем чемпионатына санаулы күндер қалды. Әлем көз тіккен байрақты бәсекенің тарихына көз жүгіртіп, есте қалар қызықты сәттеріне шолу жасауды ұйғардық.
Алғашқы әлем чемпионаты Уругвайда өткен. Ең қызығы, оған ешкімнің де барғысы келмеді. Футбол клубтары өздерінің ойыншыларын Оңтүстік Америкаға жіберуді қаламаған. Ұйымдастырушылар жол, жатын орын шығындарын өз мойындарына алды. Осылайша, алғашқы әлем чемпионатына санаулы ғана мемлекеттер қатысқан. Бұл әлем чемпионаты тарихында ең аз команда қатысқан ойын ретінде тарихта қалды. Еуропадан 4 (Франция, Югославия, Бельгия және Румыния), Оңтүстік Америкадан 7, Солтүстік Америкадан 4 мемлекет бақ сынады. Финалда Уругвай мен Аргентина құрамалары кездесті. Ойын алаң иелерінің пайдасына шешіліп, Уругвай құрамасы тұңғыш әлем чемпионы атанды.
- Финалда қос құрама (Уругвай Аргентина) кімнің добымен ойнайтындарын шеше алмады. Ақырында әр тайм сайын допты ауыстырып отыруға шешім қабылдаған.
- 1930-1998 жылдар аралығындағы әлем чемпионаттары Европада немесе Америкада өткен.
- Алғашқы Әлем Кубогын жасау бақытына париждік зергер Абель Рефлер ие болған. Алтын кубок гректің Жеңіс Құдайы Никті бейнелеген.
- 1946 жылы Халықаралық футбол федерациясы кубокты Жюль Рименің атына ауыстыру жайлы шешім қабылдады. Ол алғаш әлем чемпионатын ұйымдастырған ФИФА президенті болған.
- 1966 жылы 19 наурызда сағат таңғы сағат 11де Лондондағы Westminster Central Hall көрме залынан кубокты ұрлап кеткен. Ұрылар сол күйінде табылған жоқ. 1 аптадан соң Пиклэс деп аталатын күшік Лондонның оңтүстігіндегі саябақтағы орындықтың астынан кубокты газетке оралып жатқан жерінен тауып алған.
- Бірде-бір Әлем Чемпионатын жібермеген ел – Бразилия.
- 1986 жылы Марадона Англия құрамасының қақпасына голды қолмен салған. Оны тек арбитр ғана байқамады. Осылайша, голл есепке алынды. Бірнеше жыл өткен соң спортшы өзінің қолмен ойнағанын айтты. Алайда, ол оны «Құдайдың қолына» балады.
- Бірде-бір допты өткізбеген қақпашы – Александр Шовковский (Украина), Украина – Швейцария матчы. 2006 жылғы Әлем Чемпионаты
- Марио Загало – ойыншы ретінде және жаттықтырушы ретінде Әлем Чемпионы атанған жалғыз адам.
- 1970 жылы Adidas чемпионаттың доптарын тіге бастады.
Ең, ең ең...
- Ең алғашқы әлем чемпионаты бір ғана Монтевидео қаласында өткен.
- Әлем Чемпионатындағы ең алғашқы голл 1930 жылы 13 шілдеде сағат 15:20-да соғылды. Оның авторы Франциялық Люсьен Лоран.
- Перулік Галиндо ең алғаш алаңнан қуылған ойыншы ретінде тарихта қалды. Қуылуының басты себебі ол алаңда төбелес шығарған.
- Бір турнирде ең көп соғылған голл саны – 13. Оны Франциялық ойыншы Жюст Фонтэн 1958 жылы соққан.
- Ең кәрі ойыншы – Роже Милла (Камерун), 42 жас.
- Жеке ойыншы ретінде ең көп Әлем Чемпионатын ұтқан ойыншы – Пеле (Бразилия), әлемнің 3 дүркін чемпионы (1958, 1962, 1970)
- ӘЧ-дағы ең көп алтын медаль жиынтығын иеленген спортшы: Марио Загалло (Бразилия), ойыншы ретінде (1958, 1962), бас жаттықтырушы ретінде (1970) және екінші жаттықтырушы ретінде (1994).
- Ең алғашқы допинг-бақылау – 1974 жылғы ӘЧ-да болды
- 1986 жылы Әлем Чемпионатына ең көп құрама (100) қатысқан. Финалда 30 орынға 113 команда таласқан.
- 1958 жылы Әлем Чемпионаты ең алғаш рет телевидениеден көрсетілді.
Ең ірі жеңістер:
Венгрия – Оңтүстік Корея 9:0, 1954;
Югославия – Заир 9:0, 1974;
Венгрия – Сальвадор 10:1, 1982;
Германия – Сауд Арабиясы 8:0, 2002;
Уругвай – Боливия 8-0,1950;
Швеция – Куба 8-0,1938;
Уругвай – Шотландия 7-0,1954;
Түркия – Оңтүстік Корея 7-0, 1954;
Польша – Гаити 7-0, 1974;
Португалия – КХДР 7:0, 2010;
Әлем Чемпионаты – 2018
Биылғы жылдың бойтұмары Забивака деген лақап атты иеленген қасқыр болмақ. Оның авторы – Томск Университетінің студенті Катя Бочарова.
Алаң иелері Әлем Чемпионатын алғаш рет өткізгелі отыр. Дүниежүзі көз тіккен додаға 32 құрама қатысады. Исландия және Панама құрамасы бұл додада алғаш рет бақ сынағалы отыр.
Сіз қай құрамаға жанкүйер болмақсыз, қадірлі оқырман?