28.06.2018
Химиялық элементтерді топтастырған Менделеев кестесі 1869 жылы Ресейде пайда болды. Аңызға сенсек, Менделеев бұл жүйені түсіңде көргенін айтады. Алайда, оны құрастыру жұмысы 20 жыл уақыт алған.
Ғалым бала кезден карта ойнауды жақсы көрген. Ойынға деген оның құштарлығы ғылымдағы осы бір жаңалықтың ашылуына әкелді. Автор жүйедегі барлық деректерді ойын карталары арқылы таңбалаған. Алғашында периодтық жүйеде 56 элемент болған. Алайда ХХ ғасырдағы қолданбалы ғылымның дамуы нәтижесінде бірнеше жаңа заттар табылып, олардың саны 118-ге жетті. Соңғы үшеуі 2015 жылы енгізілген.
Таңқалдырар ерекшеліктің бірі жүйенің болашақты болжауында. Ғалымның өзі құрастыру кезінде бос ұяшықтар болашақта табылатын элементтердің орыны екенін айтқан. Менделеев магний мен гелийдің ерекшелігі мен сипаттамасын олар табылмастан бұрын зерттеп қойған екен.
Егер кестенің ортасындағы бағандарды алып тастап, 4 элементтен біріктіретін болсақ, олар бір-бірімен байланысқа түседі. Яғни, әрбір екінші элемент алдынғысын толықтырып тұрады.
Әлемдегі ең ірі периодтық жүйе Испаниядағы Мурсии университетінің аумағына орналастырылған. Ол 150 шаршы метрді қамтиды. Әрбір ұяшығы ені 75 см болатын металлдан құйылған.
Переиодтық жүйенің ашылуы химия мен қолданбалы ғылым тарихындағы ауыз толтырып айтатын жаңалық. Онысыз ХХ ғасырдағы бірқатар зерттеулерді жүргізу мүмкін емес еді. Әлемде химия саласындағы процестерді Менделеевтің еңбегенсіз жүзеге асырған мемлекет жоқ. Жаңалықтарды енгізумен Халықаралық теориялық және қолданбалы химия одағы айналысады. Ал, синтез кез-келген жерде болуы мүмкін. Мәселен, соңғы 9 элемент Дубнадағы институтта анықталған.
Кестенің барлық элементтері мәңгілік емес. Кейбіреулері жылдам ыдырауымен ерекшеленеді. Мысалға, нөмірі 115-унунпентия элементінің жартысы 200 миллисекунд ішінде ыдырайды.