Илон Маск қызметінен шеттетілді

01.10.2018

 

Электромобиль өндіруші «Tesla» компаниясының бас директоры Илон Маск енді бұл қызметпен айналыспайды. Дәлірек айтқанда, ол енді директорлар кеңесінің басшысы емес. Мүшелікте қалғанымен, енді басшының міндеті оның құзырында емес. Сондай-ақ, АҚШ-тың құнды қағаздар және биржа (SEC) бойынша комиссиясының шешімімен 20 млн доллар айыппұл төлейді.

 

Бұл келісім акционерлер мен Масктың арасындағы өшпенділіктің тууына әкелмейді дейді шетелдік басылымдар.

 

Экс-директор 29 қыркүйек күні келісімге қол қойылғаннан бастап, 45 күн ішінде орын тағын босатуы тиіс. Ол аталған қызметке қайта сайланбауға және 3 жылға дейін өзін-өзі ұсынбауға келісті. Оның орнына тәуелсіз төраға тағайындалмақ. Масктың SEC тарапынан қатаң жазалануына твит парақшасындағы ақпараттардың ашық жариялануы себеп болған.

 

Tesla бұл жолы кеңеске екі директор тағайындамақшы. Сондай-ақ, Масктың байланысын қадағалап отыратын бақылау орнатады. Маск твиттердің белсенді қолданушысы болғандықтан, өзін сабырлы ұстауы қиын болатын секілді. Ол үнемі жаңа өнімдерді парақшасында жариялап, әрдайым оқырмандарымен бөлісіп үйреніп қалғаны белгілі. Дегенмен, енді мұндай олқылықтар бола қоймас.

 

Оның парақшасындағы мәліметтер нарық пен акционерлердің алдағы жұмысына кедергі келтірген. Ендігі жерде Масктың жазалануы барлық акционерлерді толығымен қанағаттандырып отыр.

 

Назира Қасымбек
  •  5865