QWERTY пернесі қалай пайда болды?

21.09.2018

 

QWERTY – біз үшін ең ыңғайлы дүниелердің бірі болғандықтан, оның пайда болу тарихына аса мән бере бермейміз. Бірақ, әріптердің орналасу ретіне қарасақ, ешбір логикаға сыймайтын сияқты көрінеді.

 

Ондағы әріптердің бір-бірінен шашыраңқы орналасқаны технологияның дами қоймағандығынан хабар беріп тұрғандай. Баспа машиналары енді пайда болғанда, әріптерді осындай тәртіппен (бір-бірінен алшақ) орналастыру керек болған. Әйтпесе, өте жақын орналасқан пернелер машина терушісіне кедергі келтіретін еді. Бұл нұсқа басқаларына қарағанда ойға қонымды келетін сияқты.

Сонымен, бұл туындының авторы кім? 1860 жылдары журналист, өнертапқыш, баспагер болған Кристофер Латам Шоулз. Оған дейінгі басу құралдарында әріптер алфавиттік тәртіппен орналасқан. 1878 жылы Шоулз Remington компаниясымен келісім-шартқа отырған соң, QWERTY пернесін патенттеп алды. 1890 жылы бұл барлық пернетақталардың ішінде ең танымалы болды. Оны өндірушілердің бәрі пайдаланды.

 

QWERTY-дің танымалдылығының арқасында өндірушілер көп табыс тапты. Бұл жүйе қолданушылар үшін де ыңғайлы болды.

 

Алайда, аталмыш пернетақтаның танымал болуы Морзе әліппесімен байланысты болды деген де болжам бар.

 

Қазір 1890 жыл деп елестетіп көріңіз. Сіз арнайы сымдар арқылы келіп жатқан Морзе кодтарын тыңдап отырсыз делік. Сіздің міндетіңіз естігеніңізді телеграф формасында жазу. Бірақ, сізге сымның екінші шетінде отырған адамнан қалмау керек. Өйткені, артқа қайтарып қайта тыңдау мүмкіншілігі сізде жоқ. Кейбір белгілер бір-біріне ұқсас болғандықтан, қиындық туғызады. Мәселен, кодтың соңынан дейін «Z-ті» “SE-ден” ажырата алмайсыз. Сіз бұларды түсініп болғанша, хабар таратушы келесі белгіге қарай өте береді. Осылайша, үш әріп пернетақтада бір-біріне жақын орналасқан.

Ең қызығы, Шоулз өзінің бұл жетістігіне сенбеген. Көз жұмар алдында ол QWERTY-ден де үздік, оның көшірмесі болмайтын басқа пернелерді де патенттеді. Оның өлімінен кейін тіркелген перненің бірі XPMCHR.

 

Аталмыш перненің басқа да бәсекелестері болғаны белгілі. Алайда, олардың бірі де үздік туындының алдын орай алмады. Десе де, 100 жыл ішінде ол біраз өзгеріске ұшырады.

 

Шоулздің пернетақтасында Shift пернесі ғана емес, сондай-ақ жоғары, төмен бағыттағы батырмалар да болды. Олар тек бас әріптер мен кішілерді ауыстыруға және пунктуациялық белгілерді сақтау үшін қолданылды. Кей өндірушілер көп ақша төлемес үшін, бір-екі батырманы ғана алмастырды.

Назира Қасымбек
  •  4765