Қаржылық сауаттылыққа байланысты 3 маңызды сабақ

19.09.2018

 

Қаржылық қиындықтарға байланысты кездесетін басты проблеманың бірі – ақшаны дұрыс жұмсай білмеу. Ең аз деген жалақының өзінде ешкімнен қарыз алмай, қандай-да бір жинақпен өмір сүруге болады. Бүгін сіздермен 3 басты қаржылық сабақпен бөлісіп отырмыз.

Өз-өзіңізге ақы төлеп үйреніңіз

Өзіңізге әр кірістің 5 немесе 10%-н артқа сақтап отыруға шарт қойыңыз.  Сондай-ақ, бұл қаражатқа көп сенім артып, бей-берекет жұмсамаңыз. Жалақыңыз 50 000 теңге болса, сіз оның 10%-н жинау арқылы бір жылда 60 000 теңгені артқа сақтай аласыз. Әрине, бұл сомма соншалықты көп емес. Алайда, қорыңызда азды-көпті қаражатыңыз бар. Сондай-ақ, жинағыңызды төсегіңіздің астында емес, белгілі бір үстемемен өсіп отыратын банктерде сақтасаңыз, ұтарыңыз көп болмақ.

Қосымша қаржылай қорыңыз болсын

Алдында айтқан жалақының 5-10%-нан жиналатынынан бөлек, сізде тағы бір қор болу қажет. Әрине, ол әр сайын аз мөлшерде қосылатын ақша емес. Оның ауқымы да, атқаратын қызметі де басқалардан ауқымдырақ болуы тиіс. Бұл әрбір отбасыда болу керек қор. Қиыншылық кезінде соның көмегіне ойланбай-ақ жүгіне аласыз.

Банк карталарымен төлеп үйреніңіз

Қаржылық сауаттылық тұрғысынан алғанда, қолма-қол ақшамен есеп айырысқан дұрыс емес. Заманауи карталар қолданушыға сауда жасаған ақшасының белгілі бір пайызын өзіне қайтарып береді. Одан бөлек, түрлі жеңілдіктер жасап тұрады. Сондықтан, бұл әлдеқайда тиімді жол.

Назира Қасымбек
  •  5730