Apple компаниясының 2018 жылғы жаңалықтары қандай?

17.09.2018

 

 

Компанияның таныстырылымында  iPhone Xs, iPhone Xs Max және iPhone Xr смартфондары мен  Apple Watch Series 4 смарт сағаты көпшілікке жария етілді. Олардың дизайны да, функционалдық қызметтері де тұтынушыларды қуантып отыр. Жылдың үздік таныстырылымы engadget.com сайтында тікелей эфирде көрсетілді.

 

Аңызға айналған компанияның басшысы Тим Куктың сахнаға шығуын қалың жұртшылық зор қошеметпен қарсы алды. Ол   Apple Store дүкеніне жылына шамамен 500 млн адам кіретінін тілге тиек етті. Сондай-ақ, 2 млрд iOS құрылғылары сатылғанын айтты.

 

Apple Watch Series 4 смарт сағаты

 

Тим Кук Apple Watch-тың жаңа замандағы №1 сағат екенін атап өтті. Смарт сағат өз қолданушыларының денсаулығын ретке келтіруге көшті.

 

Сағат толық экранды, жиектері мүлдем байқалмайды. Экраны 30%-ға үлкейсе, корпусы керісінше кішірейген. Жаңа тренд ноутбуктарда да бар. Сағаттың экранына сүйікті телефон нөмірлерін енгізіп қоюға болады. Динамик  дауысы да 50%-ға қаттырақ шығады.

 

S4 чипі – 64-биттық екі ядролы процессоры бар. Жаңа графикалық процессор да қарастырылған. Сондай-ақ, ондағы тағы бір жаңашылдық – акселерометр мен гироскоп. Series 4 жүрек соғысының төмендігі жайлы ақпарат бере алады.

 

Сондай-ақ, оның артқы панелінде кардиограмма жасайтын электрлі сенсор бар. Компанияның айтуынша, бұл ЭКГ жасайтын алғашқы тұтынушылық өнім.

 

Фитнес пен денсаулық жайлы ақпараттардың бәрі арнайы бағдарламада сақталады. Оның қуаты 18 сағатқа жетеді. Бірақ тағы бір ерекшелігі бар. Даладағы жаттығудың уақыты қазір – 6 сағат.

 

Series 4 сұр, қара және тағы бір жаңа алтын түсте. GPS қондырғысы бар Series 4 399 АҚШ доллары тұрады. LTE-мен оның құны 499 АҚШ долларына бағаланып отыр. Жаңа сағат 21 қыркүйектен бастап сатылымға шығады.  Series 3-тің бағасы 279 АҚШ долларынан басталады.

 

Әлемдегі #1  смартфон

 

Биылғы таныстырылымда бірден үш смартфон жарыққа шықты.

 

iPhone Xs. Бұл «ИКС ЭС» деп аталмайды. Оның атауы «Айфон 10 S». Мұның да сұр және күміс түсінен бөлек, алтын түстес нұсқасы халыққа ұсынылды. Смарт сағаттары сияқты аталмыш смартфонның да жиектері жоқ деп айтуға болады.

 

Бұл смартфон тарихындағы ең үлкен экранды телефон. Онда 5,8 дюймдық  Super Retina OLED-дисплейі орнатылған. 3,3 млн пиксель бар.

 

Келесі жаңа смартфон  iPhone Xs Max деп аталады. Экранның техникалық сипаттамасы өзгермеген.  3D Touch, HDR, OLED және т.б.

 

Қос телефон да стереодыбысты. Екеуінде де  Face ID бар.  A12 Bionic iPhone-ға орнатылған алғашқы 7-нанометрлық чип. 6 ядродан тұратын орталық процессор, 4 ядродан тұратын графикалық процессор бар. Мұнда секундына 5 трлн операциялар жүзеге асады. Тапсырмалардың орындалуы мен қосымшалардың жұмысы 30%-ға артық жұмыс істейді.

 

Оның басты ерекшелігі шілде айында өткен конференцияда айтылған  Siri Shortcuts. Сондай-ақ, камерадағы түрлі анимоджилар, портреттік режим мен VR эффектілері де басты жаңашылдықтың бірі. VR үшін Core ML ерекше рөл атқарады. Сонымен қатар, жаңа iPhone-мен iOS-тің көптеген жаңа функциялары келмек.

 

Стереодыбыс жазу да қарастырылған.  iPhone Xs-тің қуаты iPhone X-ке қарағанда 30 минутқа көп. Iphone тарихындағы ең ұзаққа жететін қуат iPhone Xs Max-та.     

 

Көпшілікке Apple-дің жаңарған энергия бойынша жұмыс істеп жатқандығы айтылды. Олар қарапайым пластикті қайта өндірілетін материалға екенін айтып, қолданбайтындықтарын жеткізді.

 

 

iPhone Xr. Су өткізбейді. Смартфон экраны 1792х828 пиксель шешіміндегі 6,1 дюймдық. Онда  Tap to Wake бар. Дисплейі  iPhone 8 Plus-ке қарағанда үлкен.  Home батырмасы жоқ. Басқа смартфондағыдай  Face ID мұнда да бар.  Xs және Xs Max-тағыдай  A12 Bionic чипі орнатылған. Үш түсте. Сондай-ақ, жады 64, 128, 256 гигабайт болып бірнешеге бөлінеді. Бағасы 749 АҚШ долларынан басталады. Тапсырыстар 19 қазаннан қабылданса, жеткізулер дәл сол айдың 26-да басталады.

 

iPhone Xs Max-тың минималды бағасы — 1099 АҚШ доллары. iPhone Xs-тің максималды жады 512-гигабайт. Бұл модельдің минималды бағасы 999 АҚШ долларынан басталады. IPhone 8-дің құны 599 АҚШ доллары. Ал iPhone 7 — 449 АҚШ доллары тұрады. Жеткізу 21 қыркүйектен басталады. Үстіміздегі айдың 28-нен бастап барлық нарықта сатылымда болады.

 

 

 

Назира Қасымбек
  •  4370