12.09.2018
Mercedes-Benz компаниясы халықты қалалық автокөлік Vision Urbanetic-тің құрылымымен таныстырды. Түгелдей электрлі пилотсыз жүйе қызық ерекшелікке ие. Ол – модульді. Яғни, электромобиль жүк тасымалына немесе жолаушылар тасымалына қарай сыртқы корпусын ауыстыра алады.
Vision Urbanetic-тің ауыстырылатын екі модульдық платформасы бар. Біріншісінің көмегімен машина 12 адам сиятын минивенге айнала алады. Екінші модуль автокарды жүк көлігіне ауыстырады. Компания өкілдерінің сөзінше, бұларды ауыстыруға екі минуттан көп уақыт кетпейді.
Бұл идея халық тығыз орналасқан елді-мекенге арналып жасалған. Vision Urbanetic инфрақұрылымның өзгеріссіз қалуына қарамастан, жолаушылар саны мен жүктердің күрт өсуін алдын-алып отыр.
Компания болашақта барлық электромобильдер ортақ бір ІТ жүйеге біріктірілетініне сенеді. Пилотсыз жүйеге байланысты рөлді қашықтықтан басқару режимі де қарастырылмақ. Осыған байланысты, автомобиль жолдың ауырлығын бағалап, кептелістерді айналып өтетін басқа жолдарды іздейді.
Жаңашылдық осымен бітпейді. Компания өкілдерінің айтуынша, автомобиль жаяу жүргіншілермен «байланыс орната» алады. Ол үшін машинаның екі жанына цифрлық дисплейлер орнатылады. Онда жүргізушінің жаяу жүргіншілерді көріп тұрғандығы жайлы ақпарат пен басқа да мәліметтер шығып тұрады.