Неге миға сенім артуға болмайды?

26.08.2018

 

Біз миымызды толыққанды сенім артуға болатын орган ретінде қабылдаймыз. Негізінде біздің жасайтын іс-әрекеттердің көбісі біздің мінезімізге емес, миымызға тікелей қатысты.

Ми көп істі қадағаламайды

 

Біз үшін бұл органның құрылысы, жұмыс істеуі өте күрделі. Сондықтан, бізге басқа емес неге дәл осы заттың ұнайтынын түсіндіру өте қиын. Ғалымдар осыған байланысты қызықты тәжірибе жүргізген екен.

 

Ерлерге бірнеше әйел адамдардың суретін көрсеткен. Суреттердің форматы бір-бірінен еш ерекшеленбейді. Алайда, суреттегінің жартысының көзі үлкен болған. Ал, кейбірі, әдейі көзін үлкейтіп суретке түскен. Ең соңында бәрі көзі үлкен нәзік жандылардың суретін таңдаған. Алайда, өз шешімдерінің мәнісін түсіндіре алмады.

 

Біздің миымыздың өте тереңінде біз үшін не тартымды, не әдемі деген сұрақтарға жауап беретін бөлік бар екен! Үлкен көз – ұрпақ өрбітуге деген адамның құмарлығын келтіретін көрінеді. Сондықтан да, миымыз соны тартымды деп санап, бізге осы таңдауды жасауға мәжбүрлейді екен.

 

 

Біздің көргеніміздің бәрі – алдамшы

 

Біз барлық объектіге бірден назар аудара алмаймыз. Бірі басты нысанда болса, енді бірі тысқары қалып жатады. Бізде орталық көру мен жанама көру жүйесі бар. Орталық көру жүйесі арқылы біз бар әлемді жақсы көретін сияқтымыз. Алайда, біздің көру қабілетіміз шектеулі.

 

Ми біздің көргеніміздің бәрін қабылдай бермейді. Автокөлік жүргізушісінің де дәл көз алдындағы жаяу жүргіншіні көрмеуі сондықтан. Ми ол сәтте басқа картинаны өз назарына алған. Біз бар әлемді, барлық детальді емес, тек солардың бөліктерін ғана көреміз. Картинаның тұтас бөлігі біздің санамызға жетпейді.

 

Ғалымдардың бұл органды толық зерделеп бітпегеніне қарағанда, оның оңай жүйе емес екеніне көз жеткізуге болады.

 

 

Назира Қасымбек
  •  1962