Аттары аңызға айналған 6 жарнама компаниясы

23.08.2018

 

Жарнама тауарды өткізуге арналған негізгі құрал. Алайда, осының өзі кейде адамды мезі етеді. Оның орнына, керісінше, түрлі креативпен ойластырылған акциялар көптің есінде талайға дейін сақталады. Тұрғындар әлі күнге дейін олардың шараларын қуанышпен еске алатын 6 жарнама компаниясымен таныс болыңыздар.



Танымал бренд дәл көшеге мыңдаған долларды жасырып, қалай алуға болатыны жайлы шешімін де қалдырған

 

Іш киімдер брендіне айналып үлгерген Fruit of the Loom жаңа коллекциясын «байқамай қаласың» деген атаумен жарнамалаған. Нью-Йорк көшелерінің біріне $1851 жасырған. (1851 – марканың қалыптасқан кезі). Бұл қаржыны алып кету қиын емес. Тек, оның дәл қайда жасырынғанын табу үшін жарнамасына мән беріп, баннерде ұсақ әріптермен жазылған тексті оқып шығу керек. Немесе кіріпіштен құйылған қабырғадағы жазуларға дүрбімен назар салу қажет. Сондай-ақ, дәл көшенің ортасында «кенеттен» пайда болған қорапты ашу керек. 9 миллион халқы бар қалада  бұл белгілерді тек 6-ақ адам көріп, өз жүлделерін алып кеткен. Алайда, компания ол жерде әлі де жүлденің жатқандығын жасырмады. Нью-Йоркке бара қалсаңыз, жасырын қойманы сіз де қарай жүріңіз.

 

Авиакомпания жолаушыларының жаңажылдық тілегін орындады

 

WestJet Airlines компаниясы өзінің 250 клиентіне арнап ерекше тосынсый әзірледі. Канададағы әуежайлардың бірінде отырған жолаушылар әуе билеттерін сканерлеп, Рождество мерекесі қарсаныңда Санта-Клауспен виртуалды сөйлесіп, өз қалауларын айтқан. Дәл осыдан соң 175 жолаушы бірден дүкенге барып, телефон, камера, үлкен теледидар секілді сыйлықтарын желіге жүктеген. Әйтеуір бір ғажайыптың бар екендігі және оған сену керектігі жолаушылардың эмоциясынан-ақ байқалып тұрды.

Балалардың көздерін байлап, аналарын табуды сұрады

 
Pandora бренді ана мен бала жайлы көңіл толқытар ролик түсірген. Баланың көзін байлап, алдыда тұрған 6 әйелдің ішінен өз анасын табуын сұраған. Жаңылысқан ешкім болмады. Алайда, сол сәтте көз жасын да ешкім ұстап тұра алмады. Компания идеясы: «Әрбір әйел заты қайталанбас» дегенге бағытталды.


 

Қыздарға өздерін не «әдемілердің», не «қарапайымдардың» қатарына жатқызу тапсырылды

 
Dove компаниясы Сан-Франциско, Шанхай, Дели, Лондон мен Сан-Паулудағы бірнеше сауда орталықтарына кірер екі есік орнатып, қызық тәжірибе жасады. Бірінші есікте «Beautiful» («Әдемі») деп жазылса, екіншісінде «Average» («Қарапайым») деген жазу тұрды. Нәзік жандылардың таңдауы арнайы таспаланып, кейін олардан бұл шешімдері жайлы сұрады. Ал, Сіз қай есікті таңдар едіңіз?



Жұмысқа орналасуға келген болашақ қызметкерлерге әлемдегі ең қиын жұмысты тегін атқару ұсынылды

 

Ашық хаттар шығарумен айналысатын компания аналар күніне байланысты әлеуметтік тәжірибе жасады. Газеттер мен интернет беттерінде операциялық директор қызметіне мамандар іздестіріліп, оларды онлайн арқылы сұқбаттасуға шақырған хабарламалар жарияланды. Олар медицина, қаржы, кулинария сынды салалардан хабардар болып, көптеген міндеттердің иесі атанып, ұйқы мен демалысқа уақыттары болмайтындығы жөнінде талап қойылды. 24 адамның бұған деген реакциясы да әртүрлі болды. «Немене?! Жоқ! Мұндай жұмысқа кім келіседі өзі?» деген наразылықтар айтылып жатты. Оларға берілген жауап та ерекше болды. «Миллиардаған адам бұл жұмысты істеуге келіседі. Әлемдегі ең қиын жұмыс – ана болу».

Шынайы өмірдегі Disney кейіпкерлері

 
Disney компаниясы сауда орындардың бірінде Дисней кейіпкерлері жасырынған арнайы стенд орнатып, адамдармен ойын ойнамақшы болады. Келушілер стенд жанынан өтіп бара жатқанда, кейіпкерлер алдымен олардың қимылын қайталап, кейін олардың көңілін көтере бастады. Мұның қаншалықты қызықты болғанын видеодан қарап көріңіз.

 

Ал, Сіздің есіңізде қандай ерекше жарнама роликтері сақталып қалды?
 

 

Назира Қасымбек
  •  2411