Таңертең кофе ішкен дұрыс па?

23.08.2018

 

Талайымыз үшін күн таңғы кофемен басталатыны сөзсіз. Бойдағы сергектікті арттырып, ұйқыны ашатындықтан, бәріміз осы сусынға құмартамыз. Алайда, ол шынымен де осы қасиетке ие ме? Анықтап көрейік.

 

Ғалымдар оянған соң, бірден кофеге бас қоюдың дұрыс еместігін айтады. Оны сағат түскі 12-ден соң немесе түстен кейін ішкенді дұрыс деп санайды. Мұны олар кортизол гормонымен байланыстырады.

 

Түнгі ұйқыдан соң оның қандағы мөлшері көп болады. Кортизол – стресс гормоны ғана емес, күн мен түннің ауысуын қадағалайтын цирагандық әрекеттерге де жауап береді. Ол біздің белсенділігіміздің басты жауапкері.

 

Кофеин шынымен де адамды сергітеді. Бірақ, таңертең қандағы «белсенділік гормоны» онсыз да жоғары болып тұрғандықтан, сусынның салдарынан ағзадағы табиғи күш азаяды.

Бұдан шығар қорытынды да көңіл қуантпайды. Біріншіден, ағза кофеге деген тәуелділікке үйреніп алған соң, кортизол жұмысын азайтады. Сусынға деген құмарлықтан, сіз мең-зең күй кешесіз. Алайда, біраз уақыттан соң дене белсенділігінің кофе әсерінен жоғары болуы өнімсіз күйде қалады.

 

Ағзадағы кортизол мөлшерінің қай уақытта жоғары болатынына тоқталайық. Біріншісі, таңғы 6-дан 10-ға дейін. Екіншісі: түскі 12-ден 14:00-ге дейін. Кофе ішуге қолайлы уақыт деп таңғы 10 мен 12-нің және 14:00-мен 17-нің арасын айтуға болады. Кешкі сағат 5-тен кейін кофеин ұйқыңызға кері әсерін тигізуі мүмкін.

Ол – табиғи стимулятор. Не дегенмен, әр нәрсені өз мөлшерімен тұтынған абзал. Оны ішуге ұсынылған кезде де бәрібір ішуге болмайды. Күні бойы сергектік сыйлағанымен, түні бойы төсекте дөңбекшіп шығуыңыз әбден мүмкін.

Назира Қасымбек
  •  2603