Неге гректер көк түсті қолданбаған?

07.08.2018

 

Адамның көзі – оның жан-дүниесінің айнасы ғана емес, тұтастай бір жұмбақ әлем. Гректер өздерінің зираттарын көк түске бояса да, неге оларды көк түсті мүлдем білмеген деп айтады? 100 млн түс реңкін ажырату қаншалықты мүмкін? Бинокулярды бәсеке деген не? Likeme.kz бүгін осы сұрақтарға жауап іздейді.


 

Неге ежелгі адамдар фуксия гүлін ақ түстен ажырата алмаған? Күлгін түсті көк түспен қалай шатастырған?

 

Осыдан 10 мың жыл адамдар түстерді дәл біз сияқты көрген. Алайда, оларға жалпылама атау берген. Ашық реңктер – ақ түске, қою реңктер – қара түске жатқызылды. Фуксия гүлі ашық түсті болғандықтан, ақ және сары түстермен бір қатарда тұрды. Күлгін мен көк түс бір-біріне ұқсас болғандықтан, қою немесе қара түстің қатарына топтастырылды. Кейінірек реңктерді өзара қызыл, сары, жасыл деп бөле бастады. Ауызекі тілде түстер қазір біз дәмді сипаттап жүргендей белгілі бір контекст арқылы анықталды. Мәселен, біз лимон секілді қышқыл, қант сияқты тәтті сынды тіркестерді қолданатынымыздай, олар да түстерге осылайша сипаттама берген.

 

Гректер көк түс жайлы неге білмеген?

 

Египеттанушы Ричард Х. Уилкинсон (Richard H. Wilkinson) әр түстің мағынасы болатынын байқаған.

 

Мәселен, суретшілер үнемі ер адамдардың  терісінің түсін қою-қызыл етіп салған. Ал, әйел адамдардыкін ашық қызыл түске бояған. Құдайлардыкін алтын түстес етіп салды. Өйткені, олар шынымен де, құдайлар мен фараондардың терісі алтын деп ойлаған. Тек, бұл санатқа Осирис қана кірмеген. Жаңа өмір мен қалыпқа келу символының терісі – қара не жасыл түске боялған. Бұл оның өлтірілу тарихымен байланысты. Оны Сет құдайы өлтірген. Кейін жерасты әлеміне өз билігін жүргізу үшін Исиада құдай оны қайта қалпына келтірген.

Көк және көгілдір түс египеттіктерде өте танымал болған. Ол шындықты, өмір мен дүниеге келуді бейнеледі. Аспан мен Нілдің суы да көк. Құнарлық тұмары мен Бес құдайы да осы түсте. Алайда, түстің әр мағынасы суретке байланысты түсіндірілді.

Мұны ежелгі гректердің тілінен байқауға болады. Олар қандай да бір затты суреттей отырып, сапасына қарай топтастырған. Мәселен, аспан қылыштың жүзіндей, көз сүріндіретін болғандықтан жылтыр қоңыр түске жатқызылған. Теңізді шараптың түсі секілді ал қызыл деп ойлады. Өйткені, екеуі де балғындықты, өмірді суреттеген деп ұқты. Алайда, гректердің көк түсті ажырата алмағаны рас па?


Винценц Бринкманн (Vinzenz Brinkmann) және Ульрике Кох-Бринкманн (Ulrike Koch-Brinkmann) сынды ғалымдар антикалық мүсіндер мен ғимараттардың түрлі-түсті болғанын айтады. Бояудағы пигменттер минералды, бірақ тасымалдаушының өзі органикалық болған соң, уақыт өте келе бояулар желініп кеткен. Антикалық дәуірдегі түстер минимализмі біз күткеннен басқарақ болып шықты. Гректер де көк түсті өзгелерден айқын ажыратып, оны жеке түс ретінде қарастырған. Төмендегі суретте біз А нұсқасы гректерге тән деп жүргенімізбен, алғашын олар Б нұсқасындағыдай болған. Әлеуметтік желіге жариялаған жұмбағымыздың  жауабы осы – Б нұсқасы.

Зерттеу барысында, 2007 жылы Америка және неміс ғалымдары антикалық мүсін мен түрлі реңктегі ғимараттың түпнұсқасы орнатылған көрме ұйымдастырды. Ондағы заттарға қарап, гректер түс жайлы ештеңке білмеген деп айту қиын. Мұндағы шеберлер түстердің әртүрлілігін өте шебер қолданып, қара тастан көздің қарашығын керемет жасаған.

Сондай-ақ, әлемнің алғашқы ұстазы, Александр Македонскийдің тәрбиешісі Аристотель өз еңбектерінде 7 түс жайлы айтып кеткен. Олар: қара, ақ, қызыл, сары, жасыл, көк және күлгін. Ол бұларды 7 нотамен, аспан денелерімен және апта күндерімен байланыстырған.

 

Бүгінде біз қолданыстағы түстердің 11-12 негізгі реңктерін атай аламыз. Бұл қоғамның дамуымен түсіндіріледі. Сондай-ақ, түстегі кішкентай реңктерді бірден ажыратып, бір түске 10-даған анықтама бере алатын адамдар да бар.

 

Мәселен, «шартрез», «лайм» және «трилистник» – бұл бір ғана жасыл түстің әр реңкіне берілген атаулары. Адамдардың көпшілігі мұндай атауларды білмегендіктен, әдетте ашық жасыл, қою жасыл деген ұғымдармен байланыстырады.

 

Түсті ажырата білу қабілеті туа пайда бола ма әлде жүре пайда бола ма?

 

Зерттеу барысында 4-8 айлық сәбилер көк фондағы  жасыл түсті көгілдір түске қарағанда  бірден байқаған. Бұл ғалымдарға түсті ажырата білу қабілеті туа пайда бола ма әлде жүре пайда бола ма? деген жаңа сұраққа ойлануға сеп болды.

 

Қанша тік сызықтар бар екенін санап көріңізші

 

20 сызықтан аз: Әлемнің 1/4 бөлігіндей сізде де  түсті тану шеңберінің 2 түрі бар. Сондай-ақ, басқаларға қарағанда сіз реңктерді аз ажыратасыз 

 

20-дан 36 сызыққа дейін көрсеңіз: сізде   түсті тану шеңберінің 3 түрі бар. Өзгелермен салыстырған көбірек реңктерді ажырата аласыз.

 

37-ден көп сызық көрсеңіз: тетрахроматтардың қатарына жатасыз. Оларда түсті тану шеңберінің 4 түрі бар. Мұндай адамдар ара секілді 100 млн реңктерді көре алады. Бұл қабілет көбінесе тұқымында дальтоник ер адамдары бар әйелдерде кездеседі. Бірақ, мәселен, егіздердің көздері бірдей болса да, олар түсті әр түрлі қабылдайды. Көңіл-күйге, эмоцияға, естелікке байланысты мидың өзі түске анықтама береді.


Алайда, біз қабылдауымызға байланысты бір түсті әртүрлі сипаттаймыз. Біраз уақытта бұрын инстаграмм желісінде бір түсті аяқ киімді әр адам өзінше, басқа реңкте көрген. Бұл желіде кәдімгідей қызу талқыға түсті.

 

Не себепті аутизмға шалдыққан жандар әлемді басқаша көреді?


Олардың миы орталықтағы затқа ғана назар аударып, бүтіндей соны ғана қабылдайды. Яғни, мұны жалпыдан жалқыға қарай өту деп түсіндіруге болады.

 

Мұндай қабілет ізкесушілерде де кездеседі. Адамдардың көп бөлігінің миы бейнені керісінше көреді. Олар алдымен жекелеген, ұсақ детальдарды байқап, содан толық бір картина құрастыруға тырысады.

 

Бинокулярды бәсеке деген не?

Сіздің көзіңіз бір бейнені екі түрлі қабылдайды. Соның нәтижесінде, қайсыныкі негізгі бейне болатынын мидың өзі таңдайды. Бұл бинокулярды бәсеке деп аталады. Сондықтан, адам оң көзі немесе сол көзі не көрді соны қабылдайды. Алайда, кей адамдарда ми екі көздің де картиналарын қабылдайды. Бұдан барып, құрылымдық бейне пайда болады.

Бұл қабілет көбінесе шығармашылықпен айналысатын адамдарда кездеседі. Осы қабілеттерінің арқасында олар әлемдегі заттарды түрлі пішінде көре алады. Кілем мен бұлтқа кезек-кезек қарап, миды жаттықтыруға болады. 

 

Назира Қасымбек
  •  3613