22 жасында миллионер атанғандар

04.08.2018

 

Жұмыстың жеңілі жоқ. Қай кәсіптің болмасын ебін тапса, оны дөңгелетіп әкетуге әбден болады. Тек, адамның бойында ол үшін еңбексүйгіштік, жауапкершілік пен қайтпас қайсарлық сынды қабілеттер болуы шарт. «Бизнестің» бүгінгі кейіпкерлері тосап қайнатып, көзілдірік сатып, миллионер атанғандар. Олармен толығырақ танысу үшін төменге көз жүгіртіңіз.

 

Милан Тешович.  2002 жылы өзінің сүйікті әндерінің мәтінін жинап, музыкалық сайт ашқанда ол бар болғаны 16 жаста болған. Екі жылдан кейін Милан бұл кәсібін бизнеске айналдыруға шешім қабылдады. Бүгінде «Metrolyrics.com» сайтының базасында 2 млн ән бар. 20 қызметкерден тұратын компания жарнама арқылы табыс тауып отыр. Тешовичтің қолында 1 млн доллардың түбіртегі болғанда, оның жасы небәрі 21-де еді. Ол оқу мен жұмысты қатар алып жүр. Милан Британдық Колумбиядағы Саймон Фрэйзер университетінде бизнес саласы бойынша магистратура студенті.

«Мен карьера үшін оқып жатқан жоқпын. Бұл менің тұлғалық өсуіме ықпал етеді.»

 

Джошуа Дзябяк

18 жастағы Джошуа Дзябяк өзінің алғашқы «Mediacatch» хостингтік компаниясын 1 млн долларға сатты. Ол ақшаға «Мерседес» автокөлігі мен теледидар сатып алған. Ал, қалғанын жаңа кәсіпорынды инвестициялауға жұмсады. Соның ішінде «Showclix» веб-сайтын ерекше атап өту қажет. Бұл мәдени орындарға, колледждерге, концерт залдары мен басқа да жерлерге онлайн билет сатумен айналысады. 2009 жылы оған 1 млн доллар инвестиция тартылды. Ал, компанияның құны 2,75 млн-ға бағаланды. Мекеме әр билеттің сатылымынан 7-9% өзіне алады. 2013 жылы оның кірісі 9 млн доллар болды.

 

Трюфелей импорты

 

Аталмыш өнімдерді елге импорттай бастағанда Ян Пуркаястханың жасы 15-те болатын. Ол трюфелейді дүкендер мен мейрамханаларға 12 000 долларға сатты. Бұл өте қиын кәсіп. Балалық шағын Хьюстонда өткізген ол кішкентай кезінен бастап саңырауқұлақ тұқымдастарын жинаған. Бұлар – төрт түрлі өкілеттіктің қатаң бақылауында. Сондай-ақ, оны сақтау мерзімі бар болғаны жеті-ақ күн. Пуркаястха АҚШ-тың Арканзас штатында алғашқы трюфелей өсіретін компания ашты. Оның сатылымы 1 млн долларға жеткен.

 

Джейсон Брайан

Мектепті аяқтаған Джейсон Брайан Флоридадағы автомобиль саудасымен айналысатын маркетинг департаментінде жұмыс істеді. Ол, маркетингтің болашағы интернетте екенін бірден түсінді. Джейсон онлайн жарнама жасап, оны іздеу жүйесіне қосу арқылы нәтижені екі есе көбейтуге болатынын сол уақытта білгенін айтты. Ол 21 жасында 10 000 долларлық жинағын көлік іздеу сайтын ашуға жұмсады. «Autocricket.com» сайты клиенттерге автокөлік өндірушілері жайлы ақпарат сатып, ақша тапты. Алты айдан соң сайт инвесторолардың назарын аудара бастады. Осылайша, оның компаниясына 250 000 доллар инвестиция тартылды.

 

Ашық хаттар мен жұмсақ ойыншықтардың миллионері

Кэмерон Джонсон өзінің бірнеше коммерциялық кәсіпорындарын ашып, алғашқы миллионға ие болды. Ол алғашқы «Cheers and Tears» бизнесін 9 жасында бастаған. Джонсон үйде отырып, Photoshop арқылы ата-анасына арнап кешкі ойын-сауыққа шақырту билеттерін жасады. Кейіннен оған туыстары мен достары тапсырыс бере бастады. Бірнеше жылдан соң ол ашық хаттар арқылы тапқан ақшаға көтерме бағамен жұмсақ ойыншықтар сатып алып, оларды өзінің еBay сайтында сатты. Осылайша, ол 50 000 мың доллар табыс тапты.

 

13 жасында Кэмерон My EZ Mail қызмет көрсету жүйесін ойлап тапты. Бұл сайтта анықталған мекен-жайға электронды хаттар жіберуге мүмкін болды. Ол өз идеясын жүзеге асыру үшін ІТ маманын жалдады. Екі жылдан соң оның өнімі жарнама арқылы бір айда 3000 доллар пайда әкелді.

 

1997 жылы Джонсон жарнама компаниясын ашу үшін тағы екі жасөспіріммен бірікті. Бразуер арқылы жарнамамен айналысқан олар «DoubleClick», «L90» және «Advertising.com» секілді ірі компаниялармен серіктес болған. Сондай-ақ, онда кірістің 30%-н алып отырды.

 

Кэмерон Джонстың тағы бір жетістігі адамдарға керексіз сертификаттарын онлайн сатуға мүмкіндік беретін «CertificateSwap.com» сайтын ашуы еді. еbay сайтындағы сертификаттардың сатылымы қалыпты болатын. Алайда, Джонның айтуынша, аукционда карта өз құнынан 13%-ға жоғары мөлшерде сатылды. Ал, олар оның 7,5%-н ғана алды. Джонсон 19 жасында аталмыш сайтты алты сандық цифрға сатып жіберген.

 

Фрейзер Доэрти

Фрейзер 14 жасында ас үйде тосап жасай бастаған. Ол 16 жаста болғанда мектепті тастап, күні бойы тосап қайнатумен айналысты. 2009 жылы «SuperJam-нің» кірісі 1,2 млн-ға жетті.

 

Адам Хилдрет

14 жасында Хилдрет жаңа әлеуметтік желі ойлап тапты. Coca-Cola сынды компаниялар жастарға бағытталған маркетингтік стратегиялар жасап, аталмыш желіні қолданды. Ол «Dubit Limited» агенттігін 4 жыл басқарды. 19 жасында оны BBC Британиядағы ең жас 20 жасөспірімнің қатарына қосты. Оның табысын сол уақытта, шамамен, 3,7 млн доллар деп бағалады.

 

Компьютер сайты

16 жастағы Майкл Фурдык үйінің жертөлесінде «MyDesktop.com» деп аталатын компьютер сайтын жасады. Оның сайтында компьютерге қатысты көптеген кеңестер болды. Дәл осы жерде ол Аустралиялық Майкл Хэймен есімді жасөспіріммен танысады. Кейін Хэймен бизнеске көмектесу үшін Торонтоға көшіп келеді. Олар сервер мен кеңсе тауып, өз кәсіптерін бастайды. Көп ұзамай олар «Microsoft-тан» жарнамаға тапсырыс алып, 60 000 доллар табыс тапты. Кейін компанияны 1 млн доллардан көп қаржыға сатып жіберді.

 

Онлайн фотоальбом

15 жастағы Кэтрин Кук пен 17 жастағы ағасы Дэйв мектептегі альбомдарын парақтай отырып, оның интернеттегі интерактивті нұсқасын жасау жайлы идея туындайды. Көп ұзамай Кук қолданушылар өздерінің түрлі тестерін салуға мүмкін болатын «MyYearbook.com» сайтын ойлап табады. Кейіннен ол «U.S. Venture Partners» және «First Round Capital» қорларының 4,1 млн доллар қаржысын тартты. Сондай-ақ, ол Neutrogena, Disney мен ABC секілді жарнама берушілерді қызықтырып, қолданушылар саны 3 млн-ға жетті. Компанияның жылдық табысы жеті саннан тұратын цифрмен өлшенеді.

 

Онлайн көзілдірік сату

21 жастағы Джэйми Мюррей Уэллс көзілдірік сатып алмақшы болғанда, оған жаңа идея келді. 300 долларлық көзілдірік үшін ол университеттегі оқуын тастады. Кәсібін ашуға жұмсаған студенттік несиенің 2000 доллары бірнеше еселеп қайтты. Ол бүгінде Лондондағы «Glasses Direct» онлайн-ритейлер компаниясын басқарады. Алағшқы жылы компанияның табысы 2 млн доллар болса, біраз уақыттан соң оның қолында 5 млн доллардың түбіртегі болған. Тартылған инвестициялар 34 млн долларды құраса, қызметкерлер саны 70 адам.

Назира Қасымбек
  •  1789