Маркетингтегі 3 ірі сәтсіздіктер

31.07.2018

 

Жарнама, сөз жоқ, сауданың басты қозғаушы күші. Алайда, оның әркезде табыс пен танымалдылық әкеле бермейтінін ескеру қажет. Ол сіздің қолдана білуіңізге байланысты. Назарларыңызға маркетинг әдісін қорқынышты түске айналдырған компаниялар тізімін ұсынып отырмыз. Олар жасаған қателікті сіз қайталамаңыз.​​​​​​

 

Jagermeister ауруханаға дейін апарады

2013 жылы  Producciones  Guateque компаниясы ликер өндірушілерімен бірге жарнама кешін жасамақшы болады. Іс-шараны ұмытылмастай етіп, жоғары дәрежеде өткізу жоспарланған.  Producciones Guateque компаниясы көп мөлшерде түтін жасауды ойлайды. Оны жүзеге асыру үшін сұйық азот термосын әкеліп, бассейнге құйған. Адамдар сол мезетте тұншыға бастады. 10 адамды ауруханаға жатқызып, тіпті, біреуі комаға түседі. Компания өтемақыны төледі. Алайда, болған оқиғаға деген олардың реакциялары бәрін таңғалдырды. Баспасөз өкілдеріне олар өздері аз ішулері керек еді деп мәлімдеме жасады.

 

N’ Roses альбомы үшін тегін  Dr Pepper

2008 жылы әйгілі газдалған сусын өндіретін Dr Pepper компаниясы жарнамалық шара өткізді. Онда егер Guns N’ Roses жаңа альбомын жарыққа шығарар болса, олар әрбір азаматқа сусынның бір бөтелкесін тегін тарататындығын айтты. Музыкалық топ пластинканы шығаруға 14 жылдан бері дайындалып жүрген еді.  Ал, оның 8 айдан соң тыңдарманға жол тартатынын ешкім болжап, білген жоқ. Аталмыш компания өз уәдесінде тұрды. Олар арнайы купонмен сайт жасады. Алайда, трафиктің жоғары болуы салдарынан өз жұмысын тоқтатты. Сол сәтте музыкалық топ компаниядан халық алдында кешірім сұрауын талап етті. Өйткені, бұл жерде олардың аттары да қатар аталды. Компания шығынға батқан жоқ. Дегенмен, брендке айтарлықтай нұқсан келді.

 

Африкадағы аштық. «Африкалық» макбургер

2002 жылы Норвегиядағы McDonalds-та «МакАфрика» деген атаумен жаңа бургер пайда болды. Онда нанға қойдың еті мен көкөністер қосылған еді. Алайда, дәл сол жылы елді аштық жайлады. Қызыл крест ұйымның өкілдері наразылыққа шықты. Олар мәзірден гамбургерді алып тастап, кірісті Африкадағы балаларға аударуды талап етті. McDonalds қателігін мойындады. Алайда олардың тарапынан кешірім сұрап, жағдайдың мән-жайын түсіндіріу болмады. Кірісті де ешкімге аударған жоқ. Бар болғаны жаңа гамбургерді сатқан мейрамханаларға көмек қаржысын жинайтын қорап орнатумен шектелді.

 

Назира Қасымбек
  •  2163