Айда тыныштық тапқан адам

28.07.2018

 

Ғарыш ежелден адам баласын қызықтырып, сансыз сұрақтарға жауап іздетумен келеді. Аспан, кеңістік, жұлдыздар – әлі толық зерттелмеген әлем. Олардың қатарында  Ай да бар. Ол жайлы ашылмаған тың деректер, ақпараттар мен жаңалықтар жетерлік. Қызықты мәліметтердің бір парасымен таныс болыңыздар.

 

Биылғы жылдың 27 шілдесінен 28-не қараған түні ғасырдағы ең ұзақ Айдың тұтылуы болады. 17 жылда бір болатын табиғи құбылысты жіберіп алмаңыздар.

 

1. Ай шаңы
«Аполлон-17» миссиясының ғарышкерлері күтпеген жағдайға тап болған. Ай шаңы құрылғыларды сындырып, скафандерлерді бүлдірген. Сондай-ақ, экипаж мүшелерін безгек ауруына шалдықтырды. Ай шаңы адам шашының диаметрінен 50 есе кіші болса да, өте өткір және ұсақ. Сондай-ақ, олар өкпеге өте терең бойлайды.

 

Гравитацияның төмендігінен ол өткір мұздар қалыптастырып, ауада ұзақ уақыт тұрады. Шаңның үстіңгі қабаты 15 см-ге дейін жетеді. Ғарышкерлердің айтуынша, әуе кемесінде ол оқ-дәрі секілді иіс шығарып тұрады. Бүгінде ғалымдар оның қауіптілік деңгейі мен қаншалықты мөлшерде улы екенін анықтауға кірісті.

2.Айдағы зират

Америкалық ғалым  Юджин Шумейкер  астроном-геолог болуды қалаған. Алайда, денсаулығына байланысты бала арманына қол жеткізе алмады. Сол сәтте ол өз өмірін «Аполлон» миссиясындағы ғарышкерлерді дайындайтын жерүсті ғылымына арнады. Ол Айды зерттеуге ерекше үлес қосты. Жаңа ғылым саласы – астрогеологияның негізін қалады.

 

Ол жол апатынан қаза тапты. Жақындары оның арманын орындауға шешім қабылдады. Олар оның денесінің күлін арнайы капсулаға салып,  Lunar Prospector бортымен Айдың жоғарғы қабатына жіберді. Осылайша, ол Айда жерленген алғашқы адам болды. Ғалымның жары капсуламен бірге Шекспирдің сөзін қоса жіберді. Онда: «Ол көз жұмғанда,  оны кішкентай жұлдыздарға бөліп таста: сонда ол көкті жарқыратып, адамдарды түнге ғашық қылдырады. Осылайша, олар күнге табынуын тоқтатады» деп жазылған.

3.Магнит өрісінсіз тартылыс

Кеңестік аппараттар мен америкалық ғалымдар сынама үшін Жерге Айдың топырағын алып келгенде өте қатты таңданды. Ол жақта магнит өрісі болмаса да, кейбір тастарда магниттік қабілет байқалған.

 

Ғалымдардың кейінгі зерттеуі бұрындары Айда магниттік өріс болған деген тұжырымға алып келді. Енді қазір оның не себепті жоғалып кеткені зерттеліп жатыр.

4. Ай мен адам

Ертеден Айдың жарық болуына себепкер құбылыс жайлы түрлі әңгмелер айтылуда. Мәселен, гректер Айдың мұхит суының толуына не  азаюына әсер ететіндігін айтқан. Сонымен қатар, адам организміндегі сұйықтыққа да өз ықпалын тигізетінін жазды.

 

Алайда, қазіргі ғалымдар Айдың жарық болуы тек қылмыс санының өсуіне ғана әсер ететіндігін жеткізді. Өйткені, бұл сәтте дала жарық болып тұрады. Ал, адам ұйқысына шынымен де әсері бар. Мәселен, бұл күндері біреудің ұйқысы бұзылса, енді бірі түрлі қорқынышты түстер көреді. Мұны Швейцариядағы Базеля Университетінің ғалымдары жүргізген зерттеу нәтижелері анықтады.

5. Айдың қалай пайда болғандығы әлі де жұмбақ
Ғылым Жер серігінің қалай пайда болғандығын әлі де нақты айта алмауда. Қазір түрлі тұжырымдамалар мен дәлелдер бар. Бұрын «Үлкен үштік теориясы» көп аталатын.

Ежелгі халықтардың дастандарында Айдың болмағындығы айтылады. Бұл Айды жасанды түрде пайда болды деген болжамға әкеледі.

6. Айдағы көлеңке
Ғарышкерлер Айда тап болған қиын жағдайдың бірі – оның көлеңкесі. Атмосфераның жоқтығынан онда көлеңке қап-қара болып көрінеді. Оның қараңғы болғаны соншалық, адамдар ешбір жұмыстарын атқара алмаған. Өйткені, қолдарын мүлдем көрінбеген. Осылайша, қарапайым көлеңке экипаж мүшелеріне біршама қиындықтар әкелген.

7. Айдағы сілкініс
Біздің серіктің кезекті жұмбағы – Айдағы сілкініс. Жерде ол тектоникалық тақталардың қозғалуымен түсіндірілсе, Айда ондай ештеңке болмағандықтан, оны түсіндіру қиын. Ол басқа құбылыстар секілді тек тұжырым ретінде қалып отыр. Бәлкім, бұл метеориттердің соқтығысуы немесе температураның жоғалуы болуы мүмкін.

8. Бос кеңістік теориясы

1982 жылы ядролық инженер Уильям Брайан Айдың іші толы екендігі туралы тұжырым жасады. Бүгінде ғалымдар бұл теорияға қарсы шығуда. Аталмыш теория аясында ғалымдар оның жасанды екенін алға тарта отырып,  оның ішінде өзге планеталықтар бар екендігін айтады.

9. Айдағы ағаш
«Аполлон-14» миссиясымен бірге 500 түп ағаш жіберілген. Бұл идеяның авторы Эдвард Клифф. Ол бұл сапардың қандай да бір өсімдікке әсері бар-жоқтығын білгісі келді.
500 түптің 450-і , өсіп шықты. Олардан ешқандай өзгеріс пен ауытқушылық байқалмаған. Осылайша, олар бұл ағаштың Айдың естелігі екенін айтады. Тіпті: «Бұл ағаш Айда болған. Ал сен – жоқ» деп те әзілдейтін көрінеді.

10. Ай әрдайым алыстайды
Жер де, Ай да қимылсыз көрінеді. Алайда, Жер серігі жыл сайын ол 4 см-ге алыстайды. Ғалымдар мұны Айды итеретін мұхит суының толығуымен түсіндіреді.

11. Қызыл Ай
Айдың бұл түсін Жердің ежелгі тұрғындары да байқаған. Тіпті, мұнымен байланысты миф те құрастырған. Алайда, Ай мұндай түске екі себеппен ғана енуі мүмкін. Бірі: толық тұтылған кезде. Екіншісі: қалың түтін кезінде.

Дәл бүгін шілденің 27-нен 28-не қараған түні бұл құбылысты барша тұрғындар тамашалай алады.

12. Колумб Айды үндістерден «ұрлап алған»
Христофор Колумб өзінің төртінші экспедияциясы кезінде командасымен бірге бір жыл Ямайкаға тұрақтаған. Уақыт өте келе жергілікті тұрғындар оларға ас-су әкелуді тоқтатты. Осылайша, оның адамдарына өлім қаупі төнді. Дәл осы сәтте Колумб астрономиялық білімін пайдаланды. Ғалым олардың тамақ бермегені үшін Құдайлары ашуланып, Айды алып алатындығын айтқан.

 

1504 жылы 1 наурызда толық Ай тұтылды. Бұл құбылыс жергілікті үндістерді шынымен шошытты. Олар ғалымға келіп кешірім сұрап, үнемі азық-түлік жеткізетіндерін айтқан. Табиғи құбылыс 45 минутқа созылды. Экспедиция мүшелері тұрғындарға Колумбтың оларды кешіретінін айтып, олардың қауіпсіздігі үшін дұға жасайтынын жеткізген. Осыдан кейін, оларда азық-түлікпен қиындық болмаған.

  •  2770