Инновациядағы соңғы өзгерістер

25.07.2018

 

Технологиядағы жаңалықтар, қызықтар мен ерекшеліктер. Қысқа ғана ...

 

Иілгіш қабілетке ие Samsung смартфондары жақында жарыққа шығады

Әлеуметтік желілерде ерекше құрылғының көпшілікке жақын күндері таныстырылатыны жайлы айтылуда. The Wall Street Journal басылымы смартфон кітап үлгісіндей жиналатынын жазды. Құрылғының дисплейі 7 дюймді болмақ. Сондай-ақ, екі экранға да жетерлік арнайы қуаттағыш қолданылады.

Смартфон таныстырылымы 2019 жылдың екінші жартысына жоспарланған. Ал, бағасы 1500 доллар деп болжануда. Мамандар телефонның құнына байланысты шағын ғана бағалаушы ортаға арнап шығарылуы мүмкін екенін айтып отыр. 

 

Android ақылы қызметке көшпек

Жақында Google Android операциялық жүйесіндегі смартфондарға өзінің жеке бағдарламалық қамтамасыз ету пакетін орнатқаны үшін компанияға Еуропалық комиссия 4,3 миллиард доллар көлемінде айыппұл төлеуге шешім шығарды. Жасыл роботтың атынан жауапты Google компаниясының атқарушы директоры Сундар Пичаи берді. Оның сөзінше, бұл шешім  Android-тің арнайы жасалған экожүйесін бұзуы мүмкін.

 

Жүйенің дамыту жұмыстарына кеткен шығын жарнама мен браузердегі іздеу жүйесінің табыстары арқылы өтеліп отырды. Енді Google-дің аталмыш саладағы монополиясы бұзылса, операциялық жүйенің ақылы болатыны ақиқат.

 

Өз гаджеттеріне жүйені орнатқан барлық қолданушылар енді өндірушілерге ақы төлеуіне тура келеді. Бұл дайын құрылғылардың қымбаттауына әкелмек. Мұның салдары қарапайым халыққа ауыр тиері сөзсіз. Ал, компания мен комиссия арасындағы жанжалдың қалай аяқталатыны жақында белгілі болады.

Leagoo саусақ іздері арқылы сканерленетін қолжетімді смартфон әзірлеуде

Бүгінде смартфондардың көбісі саусақ іздерін тек  төменгі бөлігінде ғана қабылдайды. Leagoo компаниясы бұл жаңашылдықты одан әрі қолжетімді етпек. Leagoo S10 смартфонында саусақ іздерінің сенсоры мен диагоналі 6,21 дюйм болатын AMOLED дисплейі орнатылмақ. Құрылғы Snapdragon 710 процессорының базасында жұмыс істейді деп жоспарлануда. Жедел жады 6 немесе 8ГБ, ал тұрақты түрде – 64, 128 ГБ болуы мүмкін. Ресми таныстырылым қыркүйек айында болады. Әзірше, компания IndieGoGo платформасында құрылғыны жинауда.

 

Өзге де жаңалықтар

 

  • Adobe 2019 жылы iPad-қа лайықталған  Photoshop-тың толық нұсқасын шығаруды жоспарлап отыр.

 

  • Honor Note 10 смартфонының таныстырылымы 30 тамызға белгіленді. Оның басты ерекшелігі – 6,9 дюймдық экран.

 

  • Skype-тың жаңа нұсқасында аудио және видео-қоңырауларды жазып алу функциясы пайда болмақ.

 

  • Google Android операциялық жүйесін бес жыл ішінде Fuchsia жүйесіне алмастырмақ. Жоба аясында 100-ге жуық адам тер төгуде. Компания басшысы жаңа операциялық жүйеге деген қолдауын білдірді.

 

  • Vivo жедел жады 10 ГБ болатын әлемдегі алғашқы смартфонды шығарады. Сондай-ақ, онда үш негізгі камера орнатылады.

 

  •  2221