24.07.2018
Үлкен компаниялардағы негізгі жұмыс күші – адамдар. Ал, олардың да қателесетінін ескерсек, соның салдарынан жұмыс орындарына үлкен шығын келіп жатады. Жұмыскерлерінің қателіктері үшін қомақты қаражаттарын айыппұлға төлеген компаниялардың тізіміне назар салыңыздар.
Odebrecht: $3.5 миллиард, 2016 жыл
Бұл Бразилиялық құрылыс компаниясы. Кеңсе пара алу арқылы сазға отырған. Оларда тіпті сыбайлас жемқорлықты бақылап отыратын арнайы бөлімше де болған деген сыбыс бар.
Johnson & Johnson: $4.7 миллиард, 2018 жыл
Корпорациядағы ұнтақ өндірісінің бірінен тальк материалынан бөлек асбест шаңы шыққан. Ал, бұл өз кезегінде қатерлі ісікке әкеп соқтыратын улы материал. Тексерістен өткен жиырма әйелден аталмыш материалды қолданудың салдарынан жатыр қатерлі ісігі анықталған. Компанияның атына 9000 арыз-шағым түскен. Өндіріс ошағының бұл айыптаудан таза боп шығуы екіталай.
British Petroleum: $20.8 миллиард, 2016 жыл
BP сұйық отын магнатының бейқамдығы экологияның катаклизміне әкеп соқты. Жұмысшылардың кесірінен Мексика бұғазында «Глубоководный горизонт» мұнай мұнарасы жарылды. Соның салдарынан 4 ай бойы суға мұнай төгілді.
GlaxoSmithKline: $3 миллиард, 2012 жыл
Британияның фармакологиялық компаниясы пара беру арқылы медициналық мекемелерді құрығына түсірген. Аталмыш компания дәрігерлер науқастарға дәл солардың препаратын тағайындау үшін оларды түрлі әдістермен қорқытып келген. Қаржылық сыйақыдан бөлек, ақ халаттылар жаңа компьютер, туристік жолдама сынды түрлі сыйлықтар алып тұрған. Егер өнімдер 100% қауіпсіз болса, бұл қорқынышты болмас еді. Олардың бірқатар жағымсыз әсерінен бірнеше емханаларға тексеріс жүргізуге тура келді.
HSBC: $1,9 миллиард, 2012 жыл
Бұл банк ескірткі сатушылары мен террорлық ұйымдарды қаржыландырған. Таңғаларлығы, корпорацияның қылмысы ашылған соң, олар тек айыппұлмен құтылған. Сондай-ақ, өздерінің топ-менеджерлеріне сыйақы мен бонус тағайындаған.
Enron, 1 миллиард, 2005 жыл
Аталған корпорация басшылығы қосарлы бухгалтерлік есеп жүргізген. Олар акцияларының өсу қарқынын ынталандыру үшін, кіріс көлемін екі есе ұлғайтқан. Компания мұны тексеретін мекемелермен жақсы қарым-қатынас орнатқан. Ең соңында, олар өздерінің қаржылық айналымдарынан шатасып, банкрот болды. Басшыларының бірі өз-өзін атып өлтірсе, екіншілері темір торға тоғытылды.