Тартысты ойын тартысқа толы өтті ме?

03.07.2018

 

⅟4 финалға шығу үшін Ресей құрамасына рух берген дүние көп. Алаң иелері, өз жерлері, жанкүйерлердің ыстық ықыласы. Ал Испания тек өздеріне ғана сенім артты. 2010 жылғы әлем чемпиондары жарыс жолынан шығып қалған соңғы фаворит. Кейбір спорт комментаторлары екі ел құрамаларының «Лужников» стадионында 120 минут іш пыстырарлық ойын көрсетті дейді. Тіпті кейбір өкілдер мұны ойын деп атауға бола ма деп көпшілікке сұрау тастады. Біреу үшін тартысты бәсеке қызық боп жатса, енді біреулері Дмитрий Медеведев пен Испания каролі ІҮ Филиптің ортасында отырған Fifa президенті Джанни Инфантино арасындағы айтылған әңгімеге қызығуда. Олар не туралы сөйлесті? Біреу бұл туралы біле ме? 

Кім неге қызықса да, Фернандо Йерро жақтастарының жеңілісі талайды абдыратты.

Cергей Игнашевичтің өз қақпасына соққан голы Испаниялықтардың пайдасына шешіліп, ойынның 12-минутында-ақ есеп ашылған болатын. Алайда, көп ұзамай  Артем Дзюбаның пенальтиі 41-минутта таразы басын теңестірді. Бұл тұстағы Пикенің қолы көпшілік арасында дау туғызуда. Алайда, төреші Бьорн Кюйперс ресейліктерге пенальти мүмкіндігін бермегенде жағдай қалай болар еді?.. Не десек те, Испания нағыз ойынды көрсетуге барын салды. Ал, көрші ел құрамасы олардың назарын өздеріне барынша аудартуға тырысты.

Испания бұл жолы кеткен есе мен жіберілген қатенің орнын толтырар. Тек мұны тағы төрт жыл күту керек.

Ал, Ресейлік құрама ширек финалда Хорватиямен кездеседі. Аргентинаны 3:0 есебімен жарыс жолынан ығыстырған құрама Данияны 3:2 есебімен шаң қаптырды.

  •  1886