26.06.2018
Көзілдірік адамды байсалды қылып көрсетеді. Алайда ол тек сырт келбетті ғана өзгерте ме? Әлде бәрібір де көру қабілеті төмен адамдардың сана-сезімі жоғары бола ма? Ғалымдар көздің көруі мен ақылдылықтың арасындағы байланысты зерттеп көрген екен. Зерттеуге 16 мен 100 жас арасындағы 300 мың адам қатысқан. Ойлау қабілетінің дамуында генетиканың маңызды рөл атқаратыны анықталды.
Ғылыми деректерге сүйенер болсақ, адамның ақыл-ой қабілеті үшін 148 ген жауап береді екен. Ғалымдар адамның саналығы оның өмір сүру ұзақтығына, қан қысымы мен көру қабілетіне қаншалықты тәуелді болатындығына қызуғышылық танытқан. Ми белсенділігі 30%-ға жоғары адамдардың талайы көзілдірік немесе линза тағады. Сондай-ақ, көру қабілетінде кінәрат бар жандардың шындығында ақылды болатындығы анықталған. Сонымен қатар, олар инфаркт, гипертония және өкпе қатерлі ісігіне де сирек ұшырайды. Ұзақ өмір сүреді және депрессияға аз беріледі.
Ақылды адамға тән белгілер қандай болады?
Әзілдегіш қабілеті басым
Орынды әрі жақсы әзілдей білу – ақылды адамға тән басты белгінің бірі. Өзгелерге күлкі сыйлай алатын жандардың критикалық ойлау қабілеттері жоғары. Әзілкештің бәрі бірдей ақылдылардың санатынан табыла бермейді. Бірақ, шынымен айтқандары көңілге қонымды болса, алдыңызда сана-сезімі жоғары адам тұр деп ойлай берсеңіз болады.
Алаңдаушылық қабілеті басым
Көптеген ғылыми зерттеулер алаңдаушылық қабілеттің басымдығын жоғары IQ-мен байланыстырады. Шектен тыс мазасыздық ми белсенділігінен хабар береді. Сіздің бойыңызда мұндай белгілер болса, уайымдамаңыз. Бәлкім, осы қасиетіңізбен ақылдылардың қатарын толтырып қаларсыз.
Солақай
Мектептегі ескі әдістер солақайларды қайта оқытуға бағытталған еді. Бұл эмоциялық соққымен қатар оқушылардың материалдан қалып қалуына әкеп соқты. Бүгінде оқушыларды «қайта түзеумен» көп ешкім айналыспайды. Тіпті қазір, солақайлық пен адам санасының арасындағы тығыз байланысты анықтаған. Солақайлардың миының оң жағы жақсы жұмыс істейді. Олардың есте сақтау қабілеті жақсы дамыған. Сондай-ақ, өте тапқыр. Сондықтан да, өзіңізге лайықты серік іздесеңіз, солақайлардың арасынан табарыңыз сөзсіз.
Алайда, есте сақтаңыз: Кез-келген ереженің КЕМШІЛІГІ бар. Жағдайдың екі жағын қатар сараптай біліңіз.