Әлем діндері бірікті

23.06.2018

 

Жақын күндері неміс астанасында әлемдік үш діннің басын біріктіретін ғимарат бой көтермек. Бұл жерде түрлі діни көзқарастағы адамдармен қатар, атеистерге де орын табылады. Діни ағымдарды зерттеп, әр тараптың өкілдері еркін пікір алмасу мақсатында мешіт, шіркеу және синагога бір орында бірікті.

Нысанның құрылысы келер жылы басталып, екі жылдан соң пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Сондай-ақ, олардың діни тұрғыдан да ерекшеліктері ескеріледі. Мәселен, мешіт пен синагога шығыс жаққа қарап салынады.

Сонымен қатар, келіссөздер мен кездесулер өткізетін ортақ бөлме де салынбақ.

 

Ғимараттың құрылысына шамамен 43 млн евро жоспарлануда. Қосымша көмек көздері де жиналып жатыр. Дәл қазір 8 млн қаражат жиналды. Қаржы мөлшері 12 млн-ға жеткен бойда құрылыс жұмыстары басталмақ.

 

  •  1868