Электрондық құрылғыларды алмастырған тіршілік иесі

21.06.2018

 

Әр нәрсенің табиғаты ерекше. Жаратушы жер бетіндегі тіршілік иелеріне түрлі қабілет, қайталанбас даралық сыйлаған. Мәселен, халқымыз құстарға, қорадағы үй жануарларына қарап, ауа райын болжаған. Сол сияқты кей тіршілік иелері төнгелі тұрған қауіптен алдын-ала хабар беретін қабілетке ие. Соның бірі шымшық.

«Прибытие» фильмінде бір топ ғалымдар әруақтар кемесіне не себепті тордағы осы бір құсты бірге ала кірген?

 

Шымшық ауаның құрамындағы кез-келген өзгеріске өте сезімтал келеді. Құсты титтей бірнәрсе алаңдатқан болса, ол бірден тыпыршып, мазасы кете бастайды.

 

ХІХ ғасырда аталмыш тіршілік иесін шахтерлар өздерімен бірге алып жүрген.

 

Адамдар газдың шығып тұрғанын байқамаған жағдайда шымшық өзін жайсыз сезінеді немесе мүлдем өліп қалады. Бұл өз кезегінде электрондық құрылғылар шыққанға дейін шахтағы газданудың индикаторы болған. Олар улы және жарылу қауіпі өте жоғары газдарды ауа өте тар жерде де жақсы сезген. Шахтерлер құстың өзін-өзі ұстау тәртібіне қарап, жұмыстарын істеген.

 

Егер құс мазасызданып немесе құлай берсе, шахтерлер бірден жер бетіне шыққан. Мұндай жағдайда шымшықтар бірден өліп кетпеген. Ауа тұрақталғанда олар есін жиған. Кейінірек құстардың тезірек ес жиюына көмектесетін ішінде ауасы бар арнайы құрылғылар ойлап табылды.

Мұндай қабілет құстардың тыныс алу жүйесінің өте күрделілігімен байланысты.

 

Олар ауасы өте тар жерде, биіктіктерде еркін тыныстай алады. Алайда,  улы газдарға өте әлсіз келеді. Сол себепті улану деңгейі адамдарға қарағанда өте тез болады.

  •  2431