14.06.2018
Әдеби шығармалардың авторының бірі Зюсс есімді дәрігерге бар болғаны 50 сөзден тұратын кітап жазуға тапсырма берген. Бұл тарихтағы үлкен әдеби тапсырыстың бірі. Алайда ақ халатты жанға Эрнест Винсет Райттың деңгейіне жету оңайға соққан жоқ. Ол өзіңе бірде-бір «е» әріпін қолданбай, 50 000 сөзден тұратын роман жазуға сөз берген қаламгер.
Ол айтқан сөзінде тұрды. Соның нәтижесінде «Гэдсби» (“Gadsby”) романы дүниеге келді. Ол өз қаласын құтқаруға тырысқан Гэдсби есімді азамат жайлы баяндайды. Әрине, бұл «Ұлы Гэтсби» шығармасы емес. Алайда, осындай қатал талаптан қандай шығарма күтуге болады? Шығармасын аяқтау үшін Райтқа 6 ай қажет болды. Романның кіріспесінде ол жолында кездескен қиындықтармен қалай күрескенін айтады.
Үлкен қиындықтардың бірі есімдіктердің орнын алмастыру болған екен. Романды айтпағанда, бір сөйлемнің өзін есім сөздерсіз (he, she) жазып шығу қиынға соққан. Сонымен қатар, ол –ed жалғауына аяқталатын етістіктің өткен шақтарын да айналып өтуге тырысқан. Сондықтан, бұл туындының қаншалықты еңбекпен жазылғанын елестете берсеңіз болады.
Соған қарамастан, Райт 50 110 сөзден тұратын толыққанды сюжет жасап шығарды. Оның кітабы жазу тарихындағы ең сәтті шыққан липограммдардың бірі. Әдебиетте белгілі бір әріпті қолданбай шығарма жазу әдісі осылай деп аталады. Райт кітабын 1939 жылы көпшілікке жариялайды. Басқа да жекелеген романдар сияқты «Гэдсбиге» де арнайы көңіл бөліне қойған жоқ. Адамдар аталмыш кітапты айтылған дерекке көздерін жеткізу мақсатында сатып алған.
Сөз қорытындысында, аталған романның баға жетпес мұра екенін айта кеткен дұрыс. Өйткені, «е» - ағылшын алфавитінде жиі қолданылатын әріптердің бірі. Оксфорд сөздігіндегі сөздердің 11%-да «е» әріпі кездеседі.
Мұндай форматтағы әдеби шығармалар ежелгі Грекиядан бастау алған. Б.з.д. ҮІ ғасырда Лас Гермионский «сигма» таңбасын қолданбай, Деметре әнұранын жазып шығарған.
Араға 30 жыл салып, «Гэдсби» шығармасынан асып түсер туынды жарыққа шықты. Француз жазушысы Ж.Перектің «Жоғалу» романы көлемі жағынан аталмыш шығарманың орнын басты.
Біздің әдебиетте мұндай шығармалар әлі дүниеге келген жоқ. Болашақта бұл стильде қалам тербейтін жазушыларымыздың болатынына сеніміміз мол.