Оңтүстік Корея әскерін роботтарға алмастыруда

29.05.2018

 

Қай елдің әскері болмасын күшті қаруланған, сайдың серке тасындай іріктілген болса да, жалғыз ғана кемшіліктен құтыла алмайды. Ажалсыз адам жоқ. Олар да қартаяды, дәм-тұзы таусылады. Осы кезге дейін тек уақыттың еншісіне қалдырылып келген шын темір сауыттылар бұл кемшіліктен айналып өтпек. Енді Оңтүстік Корея әскерлері роботтармен алмастырылатын болады. 

Осылай деп қорғаныс министрі Сон Ён Му мәлімдеді. Министрдің сөзінше, 2024 жылы ел әскері «аралас» құрамнан жасақталады. Олардың жартысы адамдар болса, екінші жартысы роботтардан құралмақ. Уақыт өткен сайын олардың саны арта түседі. Бұл шешім елдің демографиялық ахуалы үшін ғана емес, әскери санын төмендету үшін де қабылданып отыр. Мамандардың болжамына сәйкес, алғашқы кезеңде 600 әскер роботқа алмастырылады. Ал автономды жауынгерлік техника саны 2500-3000-ға артпақ. 

 

Айта кетейік, Оңтүстік Корея робот техникасын өз тәжірибесінде қолданып отырған алғашқы мемлекет емес. АҚШ-тың барлау мақсатында адам еңбегін емес, пилотсыз режимдегі ұшатын аппараттарды пайдаланғанына біраз уақыт болды. Ұлыбритания да жасанды интеллекті қорғаныс жүйесіне кіргізді. Ақылды технологияны дамыту мақсатында ел үкіметі мемлекет қазынасынан 1 млрд АҚШ долларын бөлді.

 

  •  1789