Швейцария жайлы ойымызды өзгерткен 10 дерек

22.05.2018

 

Швейцария әлемге өзінің сенімді банктерімен, Альпі тауларымен және сүтті сиырларымен танымал. Ал, сіз бұл жерде қарудың заңдастырылғанын, айыппұл мен параның сол ел азаматының кірісіне байланысты екенін біліп пе едіңіз? Бұдан өзге де қызықты мәліметтер білгіңіз келсе, көзіңізді төменге жүгіртіңіз.

1. Мемлекеттің астанасы да, президенті де жоқ

Швейцарияда астана мен президенттің жоқтығы жалған ақпарат емес. Есесіне, онда 4 мемлекет бар. Сондай-ақ, референдумның көмегі арқылы ел азаматтары кез-келген қабылданған заңнан бас тарта алады. Швейцарияның бүкіл тарихында ұлтаралық қақтығыстар да болмаған.

 

2. Қару-жараққа байланысты «жайлы» заң

Швейцария кез-келген әскери қақтығыстарда бейтарап пікір ұстанғандықтан, көбісі бұл елді пацифистер мекені деп санайды. Бірақ, бәрі бұлай емес. Ерлер үшін әскери қызмет 18 жастан бастап міндетті. Олардың көп бөлігі әскери резервте тұрғандар. Сондықтан да, әрбірінің үйінде қару ұстауға рұқсат берілген. Оны кез-келген сәтте қолдана алады.

8 млн халықтың 4 млн-да қару тіркелген Алайда, соған қарамастан Швейцарияда қылмыс өте төмен деңгейде. Сондай-ақ, спирттік сусындардың саудасы да 22:00-де тоқтайды.

 

3. Бұл мемлекетте пара заңды түрде

2017 жылы Швейцария әлем елдері арасында жемқорлық бойынша 3-орынға шықты. Бір қызығы, бұл елде жемқорлықпен күресудің орнына, оны керісінше ақылы қызмет ретінде «заңдастырып» қойған екен.

4. Айыппұл кіріске байланысты

Швейцарияда жылдамдықты асырғаны үшін салынған айыппұл мөлшері әлем бойынша ең көп айыппұл ретінде тіркелді. Жергілікті жүргізуші 290 км/сағ жылдамдықпен жүрген. Оның бұл ісіне 650 мың евро айыппұл салынған.

Бұл жақта айыппұл мөлшері кінәлінің жалақысына байланысты. Неғұрлым көп табыс тапсаңыз, соғұрлым айыппұлды да көп төлейсіз. Бұл жақта әділдік осылай өлшенеді.

 

5. Шоколад – ең ірі экспорт тауары

Әр жыл сайын Бернде 7 млн тонна Tablerone шоколады өндіріледі. Жақында ғана Швейцарияда 4-шоколад түрі ойлап табылды.

Швейцариялық Valcambi фирмасы қатты шоколад формасындағы CombiBar құймаларын шығарады. Мұндай шоколад тақтасын оп-оңай 1 граммға дейін бөліп, сыйлық ретінде немесе төлем құралы ретінде қолдануға болады.

 

6. Римнен келген Швейцариялық пышақ

Швейцариялық әскери пышақ ХІХ ғасырдың соңында пайда болған. Бірақ, оның бұған дейін басқа нұсқасы шығып қойған. Кембридж мұражайының бірінде көне Римде пайда болған әмбебап жиналмалы құрал жәдігер ретінде сақтаулы тұр. Оның құрамына: қасық, шаңышқы, тілгіш, қырғыш және тіс шұқығыш кірген.

Швейцариялық пышақтың ол жақта өндірілмейтін бір ғана бөлігі – бұранда (штопор). Ол Жапонияда жасалады.

7. Санта Клаусты ерекеше досы ертіп жүреді

Швейцариялық Санта-Клаустың аты Самиклаус (Samichlaus) деп аталады. Ол балаларды 6 желтоқсаннан бастап аралайды. Сөмкесіне тәттілер, арахис майы және мандарин салып алады. Сонымен қатар, онымен бірге жабық киінген, қорқынышты кейіптегі адам еріп жүреді. Оның аты Schmutzli. «Кір қожалақ» деп аударылады. Оның негізгі жұмысы – ата-анасын тыңдамаған балаларды таяқпен ұру. Қысқасы, тәртіпті боламын деген уәде балаларды жазадан құтқаратын бірден-бір жол.

 

8. Ашық аспан астындағы «Ноль звезд» қонақ үйі

Ағайынды Фрэнк және Патрик Риклиндер Альпі тауларында ашық аспан астында «Ноль звезд» (Null Stern) атты қонақ үйін ашты. Кереге, төбесі жоқ «бөлмеде» бір түн өткізу үшін $ 300 төлеуіңіз қажет. Қонақ үй теңіз деңгейінен  1 200 м биіктікте орналасқан. Екі адамдық төсектен бөлек, мұнда кішкентай шкафтар мен теледидар бар. Бөлменің басты ерекшелігі – Швейцарияға ашық көрініс. Бұған дейін де ағайындылар бірнеше ерекше мейманханалар ашқан.

 

9. Каштан ағашындағы алғашқы жапырақ Женевада көктемнің келген белгісімен түсіндіріледі

Женевада 200 жылдан бері көктемнің келуі туралы жарлық бар. Үкімет үйінің терезесіндегі каштан жапырақтары бірінші болып ашылғанда көктем келді деп есептеген. Әдетте, көктем мезгілі наурыз айында келеді. Алайда, кейде түрлі таңғажайып құбылыстар да болып тұрады. Мысалы, 2002 жылы ағаш 29 желтоқсанда гүлдеген. 2006 жылы көктем екі рет келді. Каштан наурыз айында бір рет гүлдесе, қазан айында тағы бір рет бүршік жарды.  2017 жылы көктем Женеваға уақытысында, яғни, 11 наурызда келген.

10. Теңіз тышқандарын қорғау

Швейцария тұрғындарына заң бойынша бір ғана теңіз тышқанын ұстау рұқсат етілмейді. Ғалымдардың зерттеуіне сүйенсек, бұл аңдар жалғыздықта өздерін жайсыз сезінеді. Сол үшін де, бір теңіз тышқаны өліп қалса, үй иесі аңдардың жұбын сатып алуға міндетті. Бұл жануарларды жалға алу сервисі де құрылған. Яғни, оларды қалаған кезіңізде сатып алып, кез-келген жерде жарты ақшасына сатып жібере аласыз.

 

Жоғарыдағы қай дерек сізді ерекше таңқалдырды? Бәлкім, сіз Швейцарияда болған шығарсыз? Олай болса, тізімді сіз де жалғай отырыңыз.

  •  3040