Техниканың құрығына сиырлар да ілікті

19.05.2018

 

Өз жұмысын өте жақсы білетін кез-келген фермер малдың сыртқы сұлбасына қарап-ақ, қай жері ауырып тұрғанын анықтай алады. Енді олардың қызметі біраз жеңілдемекші. Голландиялық Connecterra стартабының авторлары малға нақты диагноз қоятын техникалық құрал жасап шығарды.

 

Бұл  Google TensorFlow базасының ашық платформасында құрылған фитнес трекер деп аталатын құрылғы. Ол малдың мойнына жапсырылып, жануардың дене қызуын, жүрісінің жылдамдығын, тоқтауының жиілігі мен тамақ қабылдау ұзақтығын өлшейді. Бір сөзбен айтқанда, жануардың физикалық белсенділігі кешегі күнмен салыстырылып, бар жағдайы талданады.

Connecterra-ның атқарушы директоры, Microsoft компаниясының экс-қызметкері Ясир Хокар былай дейді: «Бұл құрылғы ауруды 24-48 сағат  ішінде анықтайды. Сиырларға жасалар күтімді дұрыс ұйымдастыру арқылы фермерлердің жұмысы 20-30%-ға жеңілдейді».

-Мен сиырдың көзіне қарап-ақ, оның ауруын анықтай аламын» , – дейді британдық фермер Марк Роджерс , – адамдар ешқандай электрониканың көмегінсіз 7,5 мың жылдан бері ірі қара өсірумен айналысып келеді.

Деректерді жинау автоматтандырылар болса, бизнеске өз септігін тигізері анық. Бірақ жас мамандар сандық технологияны қолдануға көшсе, өз салаларындағы ұзақ жылдық тәжірибені жоғалтуы мүмкін. Олар несие ұйымдары мен электрондық құралдардың құрбанына айналады. Ал сиырлар мыңдаған жыл бұрынғыдай шөбін жеп, сүтін беріп, өзіндік сипатын сақтап қалады.

  •  2489