Лондон мұнарасының төбесіне ер адамдардың мүсіні не себепті қойылған?

07.05.2018

 

Наурыз айында Лондон халқы ерекше жайттың куәгерлері болды. Ұлыбританиядағы жетекші телевизия корпорацияларының бірі ITV телеарнасының ғимараты тұрғындардың назарын өзіне аударды.

Ғимараттың шатырының шетінде 84 ер адам тұрғызылған. Олар секіргелі тұрды деп хабарлайды CNN.

Алайда, шатырдағы адамдар мүсін болып шықты. Бұл шара халықтың назарын жиілеп кеткен суицид мәселесіне бұру үшін  «84» жобасы аясында жасалған. Идея авторы Американдық көше суретшісі Марк Джеркинс. Жобаны үкімет пен Calm қайырымдылық қоры  жүзеге асырды.

Шара мақсаты толық орындалды. Жаңа жүйе халықтың өзін-өзі өлімге қиятындармен қалай сөйлесу керектігін және оның алдын-алу жолдарын білетінін көрсетті. Сондай-ақ, біреудің қайғысына қам жейтін жанашыр жандардың бар екендігінен де хабар берді.

Мүсіндердің саны кездейсоқ емес. Статистикалық мәліметтер бойынша, Лондонда  күнделікті 45 жасқа дейінгі 84 тұрғын өз өмірімен қоштасады екен. Бұлардың барлығымен суицидке бармас бұрын жұмыс жүргізу керек. Шараның басты мақсаты да өзін-өзі өлімге қиюдың алдын-алуға бағытталып отыр.

CALM қорының атқарушы директоры Симон Ганнинг: «Біз қандай жағдай болса да, мұнымен бетпе-бет келіп, қатердің алдын-алуымыз шарт» деп өз сөзінде атап өтті.

Ең қорқыныштысы, мүсіндердің барлығы адам бейнесінен айнытпай гипстан жасалғандығы. Ұйымдастырушылар: «Олар дұрыс таңдау жасаған жоқ. Тірі кезінде қоғамға  жақсылық әкелмесе де, мүсін күйінде адамдарға ой салса дейміз»,-деп өз пікірлерін білдірді.  Алайда, олар талай жанға жүк артып кетті. Өйткені, қоғам олар жайлы дер кезінде білмеді, көмек көрсетпеді, қолдау танытпады.

Атқарушы директордың айтуынша, олардың  компаниясы жақсылықтан үмітті. Осы тақырып жайлы айта отырып, қоғамдық сананың өзгеруіне серпіліс әкелсек  деген сенімде отыр.

  •  1750