Әлемдегі үздік 10 картина

22.01.2018

1. Әлем тарихындағы ең бағалы картина 250 млн долларға аукционда сатылған. Поль Сезанның «Картежники» картинасын Катара патшалық отбасысы 250 млн долларға сатып алған. Осылайша, «Картежники» туындысы әлемдегі ең қымбат картиналардың тізімін бастап тұр.

2. Сезанның картинасы Джексон Поллоктың 2006 жылы 140 миллион долларға сатылған «№5, 1998» атты үздік картинасын басып озды.

3. Үшінші орын дат абстракционисті Виллем де Кунингтің «Женщина ІІІ» туындысына бұйырыпты.  2006 жылы картинаны иесі Дэвид Геффен Стивен А. Коэнге сол кездегі рекордтық баға болып саналатын 138,5 млн долларға сатқан.

к3

4. Төртінші орында Густав Климтттың «Адель Блох-Бауэр І» картинасы. Рональд Лаудер осы картина  үшін 2006 жылы 135 млн доллар төлеген соң, бұл картина әлемдегі ең қымбат туындығы айналған. Адель Блох-Бауэр суретшіні қолдап, оған жарының суреттер сериясын салуды бұйырған өте бай кәсіпкер Фердинанд Блох-Бауэрдің жары болған.

к4

5. Бесінші орынға Пабло Пикассоның ертеректе салған «Мальчик с трубкой» атты картинасы жайғасты.  2004 жылы картина Нью-Йорктегі «Sotheby’s» аукционында 104 млн долларға бағаланған.

к5

6. Алтыншы орында да Пикассоның «Дора Маар с кошкой» картинасы. Пикассоның көңіл жарастырған әйелдерінің біреуі болған Дора Маардың портретін ресейлік миллиардер 95,2 млн долларға сатып алған.

к6

7. Климттың қаламынан туған тағы бір әйел портреті ең қымбат картиналардың ондығына кіреді. «Адель Блох-Бауэр ІІ» картинасын 88 млн долларға сатып алған жан өзінің есімін жасырын ұстауды жөн көрген екен.

к7

8. Рейтингтің сегізінші орнында Френсис Бэконның 2008 жылы 86,3 млн долларға сатылған «Триптих 1976» картинасы. Картина ресейлік олигарх Роман Абрамович пен құрбысы Дарья Жуковаға сатылған.

к8

9. Тоғызыншы орын Висент Ван Гогтың «Портрет доктора Гаше» картинасына бұйырыпты. 1990 жылы картинаны 82,5 млн долларға жапониялық кәсіпкер Риоэ Сайто сатып алған. Алайда, біраз уақыттан кейін Сайтоны пара алғаны үшін үш жылға бас бостандығынан айырады. Өмірінің қиын кезеңінде Сайто: «Картинаны кремдеп, менімен бірге жерлеңдер» деп өтініш білдірген екен. Бірақ та олай болмады. Кәсіпкер дүниеден өткен соң картинаның қайда қалғаны белгісіз.

к9

10. Рейтингті Джаспер Джонстың «Фальстарт» атты туындысы қорытындылайды. Аталмыш өнер туындысын 2006 жылы 80 млн долларға коллекционерлер Анна және Кеннет Гриффиналар сатып алады.

к10

 

  •  3434