Woz U онлайн білім порталы іске қосылмақ

21.01.2018

 

IT саласы бүгінгі күні сұранысқа ие мамандықтың бірі. Аталмыш саланың маманы болғысы келетіндер үшін көптеген жағдайлар жасалған. Атап айтар болсақ, шеберлік сағаттары мен курстар жиі өтіп тұрады. ІТ саласының маманы болғысы келетіндер үшін қуанышты жаңалық! 

 

Танымал Apple компаниясының негізін салушылардың бірі Стив Возняк өзінің жаңа жобасын іске қосқандығы туралы мәлімдеді. Ол жоба “Woz U” деп аталады. Жобаның штаб пəтері  Аризона штатында орналасқан. Портал негізін салушысының  сөзіне сенсек, болашақта жобаның білім беру орталықтары 30 қалада ашылады. Әзірше курс бағасы белгісіз. Дегенмен де, ол баға тыңдаушының өзіне байланысты өзгеріп тұрады. Жоба келер жылы іске қосылмақ. Алайда порталдың сайты өз жұмысын бастап кетті. Бұл жерде курс жайлы толық мағұлмат пен бейнероликті көре аласыз.

“Біздің мақсатымыз — адамдарды ешқандай қарызға кірмейтіндей етіп, үйде жұмыс істеуге үйрету”,- дейді Возняк.

Курстардың ішінде киберқауіпсіздік негіздері, мобильді қосымшаларды жасау жəне тағы басқа да қызықты сабақтар бар. Одан бөлек, бағдарламалаумен айналысатындар үшін Net, JavaScript, Ruby, Java жəне Python курстары болады. Аталған терминдерді Стив жəне оның командасы IT əлеміне алғаш келген адам үшін  қарапайым тілмен түсіндіруге тырысамыз деп мəлімдеді. Бастысы практика жəне тұрақтылық екенін белгілеп өтті. “Көп адамдар техникалық мамандықтан қорқады жəне ондай мамандықты тандаса, ешқандай жетістікке жетпеймін деп ойлайды. Менің мақсатым – оларға соны түсіндіру жəне жетістікке жете алатындарын көрсету” ,- деп сөзін аяқтады Возняк.

  •  1730