Кәсіптік деформацияның себебі неде?

21.01.2018

 

Адам қызметін енді бастағанда оның бойында энтузиазм, өзі ісіне деген махаббат пен құлшыныс ерекше байқалады. Уақыт өте бұл қасиеттерді шаршағыштық, күйзеліс пен ашушаңдық басады. Мұның барлығы –кәсіптік деформация белгілеріне жатады.

 

Кәсіптік деформация - бұл жаңа ұғым. Тек XIX ғасырдың соңында адамның кәсібі оған қалай әсер ететінін зерттеу үшін пайда болған ғылым. Аталмыш терминді Х. Ландерок қолданысқа енгізген.  Кәсіптік деформация – түсінуге қиын құбылыс. Оны көп жылдық тәжірибесі бар адам да, жұмысын жақында бастаған адам да сезінуі мүмкін. Бұл тек уақыт сұрағы. Сол себепті, кәсіптік деформация кез-келгеннің өмірінде орын алуы мүмкін. Кәсіптік деформация көптеген факторлардың әсерінен қалыптасады. Соның ішінде қатаң тәртіп, бірсарыңды әрекет пен шығармашылық құлдырауды нақты себептерге жатқызуға болады.

Оның өзіңдік тиімді тұстары мен кемшіліктері болады. Артықшылықтарына белгілі бір көлемді объектімен тез, нақты әрі жоспарлы түрде жұмыс істеу жатады. Аталған қасиеттерді жеке өмірде қолдану кәсіптік деформацияның басты кемшілігіне жатады.

В. Гафнер мұндай қасиетке 10 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар мұғалімдер, әсіресе, холериктер  бейім екендігін айтады. Бұл үйдегі шамадан тыс талаптарға, басқа адамдарға қатысты қателіктерді байқауға және түзетуге, басқаларды басқаруға деген ұмтылысқа байланысты.

Кәсіптік деформацияның көріністері мен формалары әртүрлі. Алайда осы тұста басқарушылық эрозия мен эмоциялық күйзеліс жиі аталады. Бұның ішіндегі ең күрделісі - басқарушылық эрозия. Бұл лауазымды қызметтегілерде болатын құбылыс. Аталмыш симптомның механизмі өте оңай түсіндіріледі. Басшы уақыт өте келе билікке деген араны ашыла түседі. Бұл өз кезегінде әріптестерінің жұмысын оңтайландыруға емес, керісінше оларды құлша жұмсауға итермелейді. Бұл тұста басшының лауазымын ауыстырып, өз жұмысын сәтті жалғастырып жатқан компаниялардың әдістемесін қолдану керек.

Келесі құлдырау түрі  толықтай күйіп кету. Жиі кездесетін кәсіптік деформация себебі. Терминнің авторы американдық психолог Херберт Фрейдденбергер: «Күйіп кету: жоғары жетістіктердің жоғары бағасы» кітабында ол күйзелісті синдром ретінде анықтайды. Бұл еңбегінде психолог мыңдаған  түрлі сала мамандарына зерттеу жасаған. Соның нәтижесінде олардың көбісі  уақыт өте келе өздерінің кәсіби жағынан осал екендерін, не болмаса бұрынғыдай бұл мамандықтан рахат алмайтындары жайлы жиі айтқан.

Сондықтан Фрейденбергер бұл синдром жұмысқа көп уақыт жұмсаған, алайда аталмыш жетістікке жетпеген адамдарға тиесілі деп пайымдайды.

Оның үстіне, зерттеуге сәйкес, эмоционалды күйзелуден зардап шегу жасқа, отбасылық жағдайға немесе тіпті жұмыс тәжірибесіне байланысты емес. Алайда, жыныстық фактор мұнда ерекше рөл ойнайды. Әйел адамдар бұл синдромға ер адамдарға қарағанда әлдеқайда бейімдеу келеді. Бұл синдромның пайда болуына әкеліп соғатын тағы басты фактор: жауапкершілігі дұрыс бөлінбеген топта жұмыс жасау. Егерде өзіңізді осы қатардан көрсеңіз, көңіліңізді түсрмеңіз. Бұл емделетін синдром!

 

1. Егер сіз бір топта немесе адамдармен тікелей қатынасқа түсетін ортада жұмыс істейтін болсаңыз, онда сіз өзара қарым-қатынас жасаған адамды түсінуге тырысыңыз: студент, науқас, тұтынушы. Мүмкін сіз үй тапсырмасын немесе үздіксіз жетістіктерді әрдайым орындамағаныңыздан босатылмайтын шығарсыз, бірақ кем дегенде сіз басқа адаммен не болып жатқанын түсінесіз.

 

2. Кәсіби эмпатияны дамыту өзіңіздің ерекшеліктеріңізге бейімделуге үйрететін арнайы тренингтер мен біліктілікті арттыру курстарына барып көріңіз.

 

3. Егер мамандықтың тұжырымдамалық негізін өзгерту мүмкін болмаса, өзіңізге сәйкес келмейтін формальды құрылымды өзгертуге болады. Дұрыс бағытта жұмысты реттеу, ыңғайлы кестені таңдауға және сізге шынымен қолайлы болатын топтың бір бөлігі болуға тырысыңыз.

 

4. Әріптестермен жауапкершілікті бөлісуге қорықпаңыз. Өзіңіздің тапсырмаңызды нақты анықтаңыз. Ішкі ресурстарға көңіл бөліңіз.

 

5. Өзіңіздің қызуғышылықтарыңыз бен достарыңызды жоғалтып алмауға тырысыңыз. Тек қана мамандығыңызға қатысты кітап оқу қатып қалған қағида емес. Өмірге деген көзқарасыңызды өзгертіңіз. Барлығы да қарапайым. Алайда бұл шынымен жұмыс істейді.

  •  3592