Қазақстандықтар үшін криптовалюта қолдану қиынға соқпақ

20.01.2018

 

Әр елдің өз валютасы болатыны сияқты ғаламтордың да онлайн ақшасы бар. Ол сіз бен біз естіп жүрген Биткоин криптовалютасы.

 

                                                Аталмыш валютаның басты ерекшелігі:

  • Төлемдер жүргізгенде комиссия ұстамайды

  • Жасырын (анонимно)

  • Үкіметтен тәуелсіз

 

Сіздің ақшаңызды ешкім бақылай алмайды. Ақша аударған, криптовалютаны сатып алғандар жайлы мәлімет те жасырын түрде болады.

                                         Сіз өз ақшаңызды бірнеше жолмен сақтай аласыз

  • Оффлайн әмиян. Мұны  сіз тек компьютер арқылы ғана қолдана аласыз. Оның қауіпсіздігі үшін ол арнайы кілтпен бұғатталып қояды. Алайда, әмиянның кілтін ұмытсаңыз, шоттағы ақшаңызды алу мүмкін болмайды.

  • Онлайн әмиян. Мұның қолдану аясы өте өте кең. Аталмыш әмиянға телефон, планшет сынды түрлі дивайстармен кіруге мүмкіндік бар. Қолданылуы да қарапайым киви әмиянға ұқсайды.

 

                                                             Биткоиннің тиімділігі:

  • Инфляцияның болмауы. Яғни, оның курсы алдын-ала белгілі болып отырады.

  • Ақшаны кімге, қай уақытта жіберу сіздің еркіңізде. Жердің кез-келген бұрышындағы адамға ақшаны қиналмай аудара аласыз.

 

                                     Қазақстанда бұл жүйеге шектеулер қойылмақшы

Осындай артықшылықтары бар болған халықтың көпшілігі биткоин сатып алуға кіріскен. Алайда, ел үкіметін бұған тоқтау салмақ. Оған басты себеп – ел ақшасының шетелдерге шығуы. Әрі заңға қайшы болғандықтан, Ұлттық Банк төрағасы Данияр Ақышев үкіметпен бірлесе отырып, криптовалюта қолдануға бірқатар шектеулер қойылмақшы екенін айтып өтті.

 

                                                      Өзге елдерде ше?

Австралия, Германия, Нидерланды, Жаңа Зеландия, Сингапур және АҚШ-тың кейбір штаттары онлайн ақшаны қолдануға рұқсат берсе, Индонезия, Қытай, Ресей, Украина сияқты мемлекеттер өз азаматтарына қатаң тиым салған.

Онлайн ақша кәдімгі есеп айырысуға қарағанда жеңіл болғанымен, үлкен тәуекелді қажет етеді. Сіз әп сәтте қалай миллионер атансаңыз, сол секілді барыңыздан бір ғана сәтте айырылып қалуыңыз әбден мүмкін. Сондықтан да үкіметіміз азаматтарының қауіпсіздігіне үлкен алаңдаушылық білдіріп отыр.

  •  2006