Uber дрондардың көмегімен тамақ тасуға көшті

05.09.2018

 

Uber компаниясы дүниежүзінде жолаушыларды тасымалдау бойынша көшбасы саналады. Бірақ олар бұл жетістіктерімен тоқтап қалмақ емес. Жақында ғана пайда болған  Uber Eats қызмет көрсету бағдарламасы тез арада танылып, аталмыш аладағы бәсекелестерді шаң қаптырды.

Жердегі жұмыстарын «бітірген» компания енді әуеде де өз жолдарын қалыптастырмақшы. Мұның ізінен арнайы дрондар қолданылған тамақ жеткізу жүйесін де іске асыру көзделуде. «Әуедегі Uber Eats» үйлердің шатыры мен тікұшақ платформаларында қолданылады. Ал сынама технология пиццалар мен бургерлерге жүргізіледі. Бұдан бөлек, тамақ таситын дрон мен әуедегі такси бір алгоритм бойынша жұмыс істейді. Алайда, алдымен  «Uber Eats» қолданысқа енгізілмек. Сонымен қатар, оларды қуаттайтын, жанар-жағармаймен қамтамасыз ететін арнайы инфрақұрылымдар да жасалады. Олар, сондай-ақ, алгоритмдердің жұмысын бақылап отырады. Жобаның басты мақсаты жұмысқа қабілеттілік идеясын анықтау мен туындаған келеңсіздіктерді шешу. Олар бар болғаны ұшу процессін тағамдар арқылы тексеріп көрмек. Кейін Uber Air жобасына кіріседі.

 

АҚШ пен Исландия қалаларында сынамадан өткен  Uber әлі де мінсіз емес. Алайда, олар тек жеткізу нарығына бағытталып отыр. Сондай-ақ, мақсаттары да айқын. Мамандардың айтуынша, дрондар бойынша жеткізу қызметі жылдам ғана емес, сондай-ақ, арзан да болмақ. Алғашқы сынақ мерзімінің қашан басталатыны әлі нақтыланған жоқ.

 

Назира Қасымбек
  •  94