Интернет парақшасы ашылмаса …

02.08.2018

Сізге тез арада қажет сайт ашылмады делік. Оның бірнеше себебі болуы мүмкін. Бәлікім, иесі хостинг ақысын төлеген жоқ немесе мүлдем өшіріп тастады. Бірақ, сіз өзіңізге өте керек мекен-жайды тез арада тауып ала аласыз.

1) Әдетте, Google ондай парақшалардың көшірмесін сақтайды. Ал, оны ашу өте жеңіл. Мекен-жайдың сол жағына cache сөзін жазсаңыз жетіп жатыр. Сонда Google сізге түпнұсқасынан айырмашылығы жоқ, парақшаның кэш нұсқасын ашып береді. Мұндай тәсілдер танымал браузерлердің көбісінде жұмыс істейді.

2) Егер Google-да сайттың көшірмесі болмаса, онда оны «Интернет мұрағатынан» іздеп көріңіз. Ол үшін тағы да мекен-жайдың алдына web.archive.org/web/ сөзін қойып, Enter батырмасын бассаңыз болғаны. Егер, бұл жағдайда да сізге қажет парақша ашылмаса, онда ол мәңгілікке жоғалды деген сөз.

Назира Қасымбек
  •  506