Өмірін нөлден бастаған жандар

04.07.2018

 

Қиындықтар мен жолда кездескен кедергілер – қалтаңда ақшаң, басыңда баспанаң болмағанда түкке тұрғысыз. Алайда, адамда арманға жетем деген мақсат болса, бұл қиындықтарды еңсеру түк емес. Мұндай кезде адам өмірі 180 емес 360 градусқа бір-ақ өзгеруі мүмкін. Төмендегі тұлғалардың есімі көпке танымал. Алайда, олар дүниеге келе сала, осындай даңққа ие болған жоқ. Күрес жолында табанды еңбектің арқасында биікке бойлағандар.

 

Холли Берри. Голливудтың жарық жұлдызы киноиндустрияны бағындыруға бет алғанда 20 жаста болған. Ата-анасы оны қаржыландырудан бас тартқан. Осылайша, ол ешбір қаражатсыз, жалғыз өзі Чикагоға келді. Онда дұрыс тамақ ішіп, қалыпты ұйықтау мүмкіндігі болған жоқ. Халыққа танылған тұсында, өмірінің осы бір кезін есіңе алған актриса дәл осы сәт оны мықтылыққа, кез-келген сәтте күресе білуге, мінезді қалыптастыруға ықпал еткен.

 

Крис Граднер. Бүгінде бұл тұлға үздік қаржыгерлердің қатарында. Ол өзінің өмірлік тәжірибесінде жазылған бірнеше шығармалардың авторы. Крис Граднердің кітабының желісі бойынша, «В погоне за счастьем» фильмі түсірілген. Басты рөлдің бірін Уилл Смит сомдады. Автордың балалық шағы қиын өткен. Ол жоқшылықпен, маскүнемдікпен, зорлық-зомбылықпен күресуге мәжбүр болған. Оның орта білімі болмаса да, қаржылық жолын жасауды армандаған. Крис қиын жолды өткере отырып, тыңдаушыларын биіктерге ұмтылдыратын «GardnerRich LLC» фирмасын ашты.

 

Хилари Суонк. Есімі елге танылмастан бұрын Хилари анасымен көлікте тұрған. Ал, Калифорнияға келгенде олардың қолында бар болғаны 70$ ғана болды. Бұл ақшаға үй немесе пәтер жалдау мүмкін емес еді. Ол «Парни не плачут» атты алғашқы фильміне түсіп, 3000$ пайда тапқан.

 

Джим Керри. Әпкесінің шатырында өскен болашақ актер қағытпа қалжыңға жақын болған. Жастайынан білімген берілмеген ол, мектепті тастап отбасымен Канада көшелерінде уақыт өткізген. Актердің сөзінше, дәл осы материалдық жағдайдың төмендігі оны комедияның биігіне жеткізген.

 

Кармен Электра. Ханзаданың болашақ бишісі, аз дүние жинамаған. Бірақ бәрі күйеу жігітімен жоқ болды. Оған әлсіздікті жақтыртпайтын Голливудта жоқшылық өмір сүрді. Қолында пейджері мен тиын тебені қалған бойжеткен тоқтаусыз жылаған. Оған үміт берген жалғыз нәрсе. Бар болғаны 20 жастағы алар асуы әлі алды. Ол осы сеніммен талай биікті бағындырды.

 

Гари Гудини. Гари өз кәсібін 17 жасында бастаған. Ол 12 жаста болғанда, үйінен қашып шығып, жүк машинасына мініп, Миссури қаласына кеткен. Болашақ сиқыршы онда көшелерде қайыр сұрап, күн көрген. Тіпті, әкесімен Нью-Йоркке келгенде де осы «кәсібін» жалғастырған.

 

Чарли Чаплин. Актерге кедей рөлі жайдан-жай берілмеген. 10 жасар бауыры екеуі әкесі қайтыс болып, анасы психиатрлық ауруханаға түскен соң далада қалған.

  •  1962