Жалақыға дейін 1 апта қаражатсыз өмір сүрудің жолдары

23.05.2018

 

Қалтаңыз жұқарған сәтте қарныңызды ашырмай әрі уақытыңызды іш пыстырарлықтай өткізбес үшін не істеу керек?

 

1. Бюджетті анықтау

Ақшаңыз таусылды. Сіз осылай ойлағаныңызбен, олар сіздің қалтаңыздан, сөмкеңіздің түбінен табылуы мүмкін. Осы уақытқа дейін түк емес деп қарап келген 1000 теңгенің өзін үнемді жарата алсаңыз, 1 апталық азық-түлікпен өз-өзіңізді қамтамасыз еткен боласыз.

 

2. Жолға кетер ақшаны дұрыс есептеу

Жол шығыны – оңайлықпен қысқара қоймасы анық. Алайда, қалауын тапса, оны да қысқартудың бірнеше жолдары бар.

  • Егер жұмыс орныңыз үйіңізден 5 км жерде орналасса және ауа температурасы 30ºC нөлден төмен болмаса, көліктен емін-еркін бас тарта аласыз. Жұмыс орныңызға таза ауада жаяу серуендеп, 1 сағатта жетесіз. Есесіне, ақшаңызды үнемдеумен қатар, денсаулығыңызға да пайдалы болмақ.
  • Егер жеке көлігіңіз болса, оны 1 аптаға қоғамдық көлікпен алмастыруды ойлап көріңіз. Бір қарағанда шығын мөлшері бірдей болғанымен, көлікке қаражаттың көп кететінін ескеріңіз. Жанар-жағармайға, жөндеуге шығынның шаш етектен шығары анық.
  • Егер жақын тұратын әріптестеріңіздің бірінде көлік болса, 1 апта жұмысқа бірге баруға рұқсат сұрап көріңіз. Кешікпейтін, жүргізушіні жолдан алаңдатпайтын жолаушы болсаңыз, бәрінің дұрыс болары сөзсіз.

 

3. Қосымша тамақты тексеріңіз

«Бос тоңазытқыш» тіркесі шынымен де біреу үшін тура мағынада көрінуі екі талай. Онда бәрі таусылды дегеннің күннің өзінде-ақ үш-төрт жұмыртқа, ірімшік, лимон және жеуге жарамды тағы бір-екі азықтың табылары анық. Сондай-ақ, күріш, макарон, пияз бен картопт та болуы ықтимал.

4. Арзан азық-түлікке көшу

Егерде сіз өте қымбат тұратын ет, асыл тұқымды сиырлардың сүтін тұтынар болсаңыз, дүкен сөрелеріндегі тауарларға да үңілер кез келген секілді. Ол жерден де сапалы, құрамы дұрыс азық-түлік табылады. Сондай-ақ, жеңілдіктерге де мән бере жүріңіз.

 

5. Ортақ тамақтанудан бас тартыңыз

Түскі асты үйден дайындап апарыңыз. Үйдегі бар азық-түлікпен тамақ жасау бизнес-ланчқа ақша құртудан әлдеқайда арзанға түседі.

 

6. Көңіл көтерудің тегін түріне көшіңіз

Апта бойы кино, театр, боулиг пен клубтарға бармасаңыз да, өмір сүре аласыз. Қыдыруға деген құлшынысыңыз тасып бара жатса, саябақтарда серуендесіңіз болады. Тіпті, өзіңізбен бірге термосқа шай құйып алсаңыз да, артық етпейді. Бұл қайта сусынға кететін ақшаны үнемдейді. Сондай-ақ, әлеуметтік желілерден тегін көрмелер мен кинолардың көрсетілер уақытын біліп алуға болады.

 

7. Купон мен бонустарды сәтті пайдаланыңыз

Әмияныңызда супермаркеттерге жеңілдікпен сауда жасай алатындай купондар мен бонустар болуы мүмкін. Егер төлем картаңыз бонустық бағдарламаға қосылса, тіптен керемет! Үнемдеу үшін барлық мүмкіндікті қолдана біліңіз!

8. Керексіз затыңыз болса, сатып жіберіңіз

Бәлкім, сіздің мүлдем қолданбайтын затыңыз бар шығар? Оның қатарына ескі мобильді телефон, бір-ақ рет киілген көйлек, жиһаз кіруі мүмкін. Оларды әлеуметтік желілердегі хабарландырулар арқылы тез арада сатып жібере аласыз. Осылайша, ақшаңызды үнемдеуге болады.

 

9. Қосымша жұмыс табыңыз

Қай салаға икеміңіз болса, сол жаққа ыңғайланыңыз. Мысалы, киім тігіп, логотип жасап, мәтін жазу сияқты жұмыстарды жасай аласыз. Бастысы, көп уақытыңызды алмаса болғаны. Сондай-ақ, қызметіңіздің құнын дұрыс бағалай біліңіз.

 

10. Қарыз сұраңыз

Егер аз уақытқа ақша бере тұрар адамыңыз болса, мүмкіндікті пайдалана біліңіз. Алайда, ең маңызды деген қажеттілігіңізге ғана минималды сомманы алыңыз. Келесі айлықтан қарызыңызды қайтару қажеттігін ұмытпағайсыз. Бірақ қарыз беретін орындарға жоламағаныңыз абзал. Пайызы төмен болса да, өсу жолыңда қаржылық жағдайыңызды төмендетуі мүмкін.

Бұл кеңестер қаржылық қиындықтарға, жалақысын кешіктіргендерге, төтенше жағдайларға тап болғандарға көмегі тиіп қалар. Егерде әр ай сайын бір апта ақшасыз жүруге мәжбүр болсаңыз, тығырықтан шығар басқа жол іздеңіз. Барлық кіріс-шығысыңызды есептеп, бюджеттік жоспар құрыңыз немесе кіріс көзін ұлғайтудың жолын ойластырыңыз.

  •  2064