Өлместің күнін кешу үшін, бір рет өлуіңізге тура келеді

12.05.2018

 

Nectome – Кремний алқабының стартап жобасы. Атақты  Y Combinator қоры қаржыландырып отырған ақпараттық технологиялар  саласында қызмет атқаратын шағын компанияларға арналған бизнес-инкубатор. Басты мақсаты – «өмірге қайта келтіретін» технология дайын болғанша, адам денесі мен миын криогендік технология бойынша сақтап қалу.

 

Соңғы уақытта аталмыш қызметке жүгінгендер саны жиілеген. Көптеген «криогендік» компаниялар потенциалды клиенттеріне қомақты қаржыға өлгеннен соң денесін мұздатып қоюға ұсыныстар жасауда.

 

Одан бөлек, Nectome адамның тірі кезінде-ақ миды химиялық коктейлдің көмегімен мұздатып қоюды ұсынып отыр. Осылайша, ми жүйке байланыстарын толықтай сақтаған күйі  мұз қалдықтарына айналады.

Шын мәнісінде Nectcome ұсынып отырған технология – эвтаназияның бір формасы. Бұл жүйе Калифорния штатында заңдастарылып қойған. Басты мақсаты өліммен бетпе-бет келген науқастарды күндердің бір күнінде «қайтадан оятып алады» деген үмітпен өз еріктері бойынша өлтіру.

 

Nectcome-ның бастамашылары мемлекеттік құқық қорғау органдарынан компанияларын жаппау туралы кепілдік алуға тырысатынын айтып отыр. Сонымен қатар, 10 000 доллар төлеген кез-келген жан қайта тірілетіндердің тізіміне бірден енетін болады.

  •  452