25.04.2018
Әр адамның ішіне бүккен өз құпиясы болады. Алайда, оны басқалармен бөліскісі келмейтіндер де кездеседі. Бүгінгі материалымыз қыл арқанның ұшында тұрса да, әлемге айтқысы келмеген сырларын өзімен бірге көрге әкеткен 8 тұлға жайында болмақ.
1. Өмірдің басты сұрағы. Әлем және басқалары
Дуглас Адамстың атақты «Автостопом по галактике» атты триллологиясында өмірдің басты сұрағына «42» деп жауап жазған. Бірақ, Адамс неге дәл 42 деп жазғанын ешкімге айтпады. Жазушының Стивен Фрай атты жолдасы құпияның сырын білетін болып шықты. Алайда, досына деген құрметі үшін ақпарат беруден бас тартып отыр.
2. Эйнштейннің соңғы сөзі
Эйнштейн көз жұмар алдында медбикеге неміс тілінде бірнеше сөз айтқан. Алайда, ақ халатты жан ол сөздерді түсінбеген. Эйнштейннің не айтқысы келгені жайлы талайлар әлі де таласқа түсіп жатыр. Көп деректің бірі бойынша ол: «Менің мұндағы міндетім аяқталды» дегенді айтқысы келген.
3. Магнит өнері
Эдвард Лидскалнин – бірнеше тонна тастардан өзі жалғыз сарай жасаған латын иммигранты.
Бойы 160 см, салмағы 50 кг адамның 50 тонналық тастарды қалай біріктіргені адамзатты әлі күнге дейін таңқалдыруда. Лидскалнин өз құпиясын ашқан жоқ. Бірақ: «Мен пирамида құрлысшыларының құпиясын аштым» деген екен.
4. Гарри Гудинидің ашылмаған сырлары
Атағы жер жарған сиқыршы Гарри Гудини өмірінің соңғы сәттерінде сейфке хат жасырыпты. Деректерге сүйенер болсақ, ол хатта өзінің үздік трюктарының құпиясы жазылған-мыс. Өсиетнамасында ол сейфті туғанына 100 жыл толған соң ашуды тапсырады.
1974 жылы, 6 сәуірде келіп жеткен мерзім бойынша, нотариалдық кеңсе өкілдері сейфті халықтың көзінше ашқанда ешқандай хат табылмаған.
Кейбірі бұл Гудинидің соңғы сиқыры дегенді айтады. Ал, трюктарының құпиясын ол өзімен бірге әкетті деген болжам бар.
5. Иван Грозныйдың кітапханасы
Иван Грозный кітапханасы (Либерия) – Иван патша ІҮ Грозный иелік еткен үлкен кітаптар мен құжаттар жинақталған аты аңызға айналған кітапхана. Аталмыш орында ғылыми трактаттар, ежелгі классиктер мен әр ел философтарының жұмыстары сақталған. Жинақтардың құнды болғаны соншалық, патша Либерияны тығып, орналасқан жерін сенімді бірнеше адамға ғана айтуға бұйрық берген.
Кітапхананың құпиясы ұрпақтан ұрпаққа жеткізіліп отырады деп болжалған. Алайда, патшаның өлімінен соң мекеменің орналасқаны жайлы бүкіл ақпарат жоғалып кеткен.
6. Төртінші кардинал
Рим папалары кардиналды құпия түрде тағайындау құқығына ие. Иоанн Павел II өзінің 27 жыл басшылығында 4 рет кардиналды құпия тағайындаған.
Біріншісі өз өмірінің 30 жылын Қытай түрмесінде өткізген архиепископ Гун Пиньмэй болды. Рим папасы оны 1979 жылы кардинал қылып, бұл туралы тек 1991 жылы ғана айтқан болатын. Кейіннен екі кардиналдың аты да қалың жұртшылыққа жарияланды. Алайда, төртінші кардиналдың есімі әлі де құпия. Ол жайлы Иоанн Павел II не көзі тірісінде, не өсиетнамасында айтпаған.
Бұл дегеніңіз, есімі белгісіз кардинал әлемнің бір ұшында осындай лауазымда екенінен бей-хабар күйде күн кешіп жатыр деген сөз.
7. Бетховеннің ғашықтық хаты
Бетховен дүниеден өткен соң оның жеке заттарының арасынан адресатқа жетпеген ғашықтық хаты табылған. Конвертте де, хаттың ішінде де кімге бағытталғаны жайлы еш дерек жазылмаған. Сол себепті, хаттың иесі тек автордың өзіңе ғана мәлім.
8. Қақпақ адам
Анджело Фатикони – ғалымдар үшін шешімі табылмаған жұмбақ тәрізді. Ол 1859 жылы дүниеге келген. Балалық шағында суға батпайтын қабілетке ие болған.
Бір кездері Гарвард Университетінің ғалымдары Фатиконидің қабілетін байқап көру үшін 9 кг жүкті байлап, хауыздың түбіне жібереді. Ол 15 сағаттың ішінде жүзіп шыққан.
Ғалымдар оны қақпақ адам деп атады. Ол өз қабілетінің құпиясын ашпаған күйі 1931 жылы көз жұмды.