Тұтынушыға міндетті түрде жіберілуі тиіс хаттар

11.10.2018

 

Email-маркетингтің пайда болғанына аз уақыт өткен жоқ. Алайда, бүгінгі күні оның қызметіне арқа сүйейтін компаниялар саны азайған. Себебі, хаттар оқылмай, бірден спам ретінде қабылданады. Бірақ олардың бағытын сәл өзгертер болсақ, бұл едәуір пайда әкелмек. Ол үшін нені өзгерту керек?

 

Лид

Басты мақсат – хаттардың қарапайымдылығы. Негізінде оқырман үшін ақпаратты толық қабылдауға 11 секунд жетіп жатыр. Сондықтан, жалаң мәтін жібергенше, оны бір суретпен болса да, көркемдегеніңіз абзал. Сонда, оқырман назары түсетін болады.

 

Адамдармен жұмысқа баса мән беріңіз

Тұтынушыңызды кездесуге шақыру керек пе? Ол үшін мәтіннің бәрін түрлі кесте, суретке толтырып керегі жоқ. Бастысы, сөйлемдеріңіз қарапайым болсын. Жауап беруін сұраңыз. Неғұрлым шынайы болуға тырысыңыз. Бұл екі адам арасындағы сенімділікті арттырады.

 

Сатылымдар мен жеңілдіктер

Егер жаппай жеңілдіктер жайлы хабарландыру беруді ойласаңыз, онда бірден баға мен тауар суреттерін жолдауды ұмытпаңыз. Яғни, тұтынушы бәрін өз көзімен көріп, анализ жасауы керек.

 

Бірден компанияның қызметін бағалауды сұрамаңыз

Бұл адам санасына едәуір әсер ететіндіктен, тұтынушы бас тартуы мүмкін. Одан да, ол сауалнамаға қатысқанына алғыс білдіріп, егер қызметті ұнатқан болса, өз пікірін қалдыруды өтініңіз. Сондай-ақ, компания жұмысының жақсы жаққа қарай өзгеруі мақсатында кеңес пен ұсыныс та күтетініңізді жазыңыз.

Назира Қасымбек
  •  853