2018 жылдың жарқын технологиялары

26.09.2018

 

Жаңа ғасырдың басынан-ақ тұрғындар болашақтың қандай боларын болжай бастады. Солардың қиялынан «Назад в будущее 2», «Матрица», «Интерстеллар» сынды түрлі жанрдағы фильмдер жарыққа шықты.

Ал бүгінде түрлі жаңалықтар өмір ағысына қосылып жатыр. Олардың қатарында жаһандық желілер, жасанды интеллект, робот пен жасанды эмбриондар бар. ХХІ ғасырдағы жаңашылдықтар медицина, ғарыш, инновация салаларында ерекше жарылыс жасауда. Мұның талайы халықты дүрбелеңге салып қойды. Фильмде көрсетілгеннің бәрі тек жақсылықтан хабар бермейтіні рас қой.

 

Металлды 3D құрылғысынан басып шығару

3D басып шығару құрылғысы көптен бері қолданыста жүрсе де, халық арасына әлі де сіңіп кеткен жоқ. Әдетте оны шығармашылық адамдар немесе осы саладағы мамандар пайдаланады. Аталмыш технология жаппай өндірістің көп бағытын өзгертуге қауқарлы. Сондай-ақ, өндірушілермен де қарым-қатынасты бекіте түседі. Өйткені, енді бұрынғыдай металлды сақтамай, оны жай ғана басып шығаруға болады.

 

Жасанды эмбриондар

Бұл сұрақ төңірегінде ғалымдардың жұмыс істеп жатқанына аз уақыт болған жоқ. Осы уақытқа дейін халық аналық жұмыртқа мен сперматозоидты жұптастару арқылы жасалатын эко-жүйесінің көмегіне жүгініп келді. Енді британдық ғалымдар бұл тәсілді қолданбай-ақ, технологияның көмегімен алынған сүтқоректілерді көретіндігімізді айтты. Сәл шыдасақ, технологияның бұл кереметіне де куә болармыз.

 

Жасанды интеллект

Amazon, Baidu, Google, Microsoft – бірнеше жылдан бері қоғам арасына жасанды интеллекті сіңірумен айналысып келеді. Бұған олардың шамасы жете қоймаса да, ойлағандарын смартфон арқылы іске асыруда. Олардың айтуынша, жасанды интеллект талай жұмысты жеңілдетіп, бірнеше жаңа салалардың туындауына сеп болмақ. Сондықтан, мұндай жаңашылдықтарды қуана қабылдағанымыз жөн.

 

Материалдардағы кванттық жарылыс

Химиктардың табысты жұмысының нәтижесінде біз бірқатар мықты өнімдер жайлы ойлай берсек болады. Күн көзінен қуат алып, оны сұйықтыққа айналдырар батареялар мен электролиттер жақын күндері шынайы өмірден табылады. Мұндай соңғы үлгідегі модельдер жақын арада қолжетімді болмақ. Өйткені, сараптамадан өткен кванттық компьютерлер аталмыш технологияларды жасауға күшінің жететінін көрсетті.

 

Қарап отырсақ биыл шыққан, шығуы жоспарланып жатқан технологиялар жетерлік. Ал, бізге оларды тек күту ғана қалды.

Назира Қасымбек
  •  4846