Түнде қалай сергек отыруға болады?

25.09.2018

 

Кей-кездері түнді ұйқысыз өткізуге тура келеді. Оған себеп көбінесе студенттер үшін маңызды емтиханға дайындық болса, үлкендер үшін жиналыс немесе жай ғана қонақ күту шаралары болу мүмкін. Не болса да, осындай сәттерде ұйқы қысып, жастықпен қауышпас үшін бірнеше қарапайым кеңестер ұсынамыз.

Ұйқыға қатысты әдеттеріңізді ұмытыңыз

Бәлкім, сіз үнемі жатар алдында душ қабылдап, су ішіп, жеңілдеу киінетін шығарсыз. Организм осыдан-ақ ұйқының уақыты келгенін сезіп, өзін-өзі осы процесске дайындай бастайды. Сондықтан, егер түнді ұйқысыз өткізуді ойласаңыз, бұл әдеттерді қайталамағыныңыз дұрыс. Тіпті, жеңіл киіммен жұмыс істеу ыңғайлы болса да.

 

Көп тамақ ішпеңіз

Әрдайым тойып тамақ ішкен соң, организ ұйға тартып тұрады. Керісінше, жеңіл тамақтансаңыз, ол да белсенді жұмыс істейді. Осыны есіңізден шығармаңыз.

 

Жұмсақ төсек, дивандардан аулақ отырыңыз

Бұлар шын мәнінде өте ыңғайлы. Бірақ, мұнда көзіңіздің де тез ілінетінін естен шығармағаныңыз абзал. Не дегенмен де, жұмыс үстелге отыруды әдетке айналдырыңыз.

 

Шамды жарық қылыңыз

Ашық түс, жарық шам ұйқы гормонының жұмысына қарсы келеді. Сондықтан, бөлменің жап-жарық болып тұруы – сіздің сергек отыруыңызға өз септігін тигізеді.

Ұйқыңызды қандырып алыңыз

Бұл түнді ұйқысыз өткізуді жоспарласаңыз, бір күн бұрын ұйқыңызды жақсылап қандырып алыңыз. Ұйқысыздықтың кесірінен адамның қабілеті әбден төмендейді. Сондықтан, мұны әдетке айналдыруды ойламаңыз.

 

Кофеин сусынын көп ішіңіз

Сондай-ақ, бұл қатарға, тәтті шай мен шоколадты да қосуға болады. Қант көмірсудың қызметін атқарады. Ол бізге көп энергия бергендіктен, оны да пайдалануға болады. Әрине, пайдалы деп айта алмаймыз. Бірақ, бір ұйқысыз түн пайдалануға тура келеді.

Сағыз

Адам сағыз шайнап отырғанда, оның организмі ұйқыға кете алмайды.

 

Жаттығу жасаңыз

Кез-келген физикалық қозғалыс адамды сергітері анық. Әрі кофе мен тәтті шоколадтан соң ондай жаттығуларды міндетті түрде жасауыңыз керек.

Назира Қасымбек
  •  4691