Love is сағызы қалай пайда болды? Махаббат тарихы

12.09.2018

 

Love is сағызы өткен ғасырдың 70-жылдары пайда болған. Оның халықтың сүйіктісіне айналуына ғажайып махаббат оқиғасы себепкер.

 

Ким есімді бойжеткен Жаңа Зеландиядан басқа қалаға кетуге шешім қабылдайды. 60-жылдардың аяғында ол өзінің сүйіктісі Роберто Касалиді кездестіреді. Екі жас бір-бірімен тауда шаңғы теуіп жүргенде танысады.

 

Олар кездесіп жүргенде бір-біріне хат жолдайды. Хаттар қызықты болу үшін Ким онда түрлі суреттер салады. Не бейнеленгенін біліп отырған боларсыз?

 

Кейін Ким оны жақындары мен достарына да жібере бастады. Осылайша, бұл ашық хаттың танымалдылығы арта берді. 70-жылдардың аяғында Ким Los Angeles Times-қа арналған алғашқы тапсырысын алды. Олардың кейіпкері әлемге танымал сары шашты қыз бен қара торы ұл болды. Олардың әйгілі болғаны соншалық, суреттер сағыздың қағаздарына салына бастады. Ким де әжептәуір табыс тапты.

 

Кейін олар үйленіп, той жасады. Кимнің Робертке қойған бір ғана талабы болды. Өзінен бірінші көз жұмбау. Бұл тұрғыда отағасы жарын дәл осылай болатынына сендірді.

 

Олардың некесінен Стефано, Дарио және Мило есімді үш бала дүниеге келді. 1975 жылы Роберто Касалиге қатерлі ісік диагнозы қойылып, бір жылдан соң көз жұмды. Дәл сол жылы оның кенже баласы өмір есігін ашты.

 

Жары бақилық болған соң Ким сурет салуды тоқтатып, ұлдарының тәрбиесімен айналысты. Оның да сүйегінен қатерлі ісік анықталып, 56 жасында өмірден озды.

 

Ал, олардың ұлдары өнер мен компьютерлік графика саласында мықты маман болып қалыптасты.

Назира Қасымбек
  •  3882