Өміріңізге қауіп төнсе ...

03.09.2018

 

Адамға төнер қауіп аяқ асты. Біз бүгін тосыннан болған жағдайлардағы қорғану жолдарының ең қарапайым тәсілдерімен бөліспекпіз.

 

1. «БАЙҚАМАЙ» жеке затыңызды түсіріп алыңыз

Егерде басқа адам тарапынан сізге қысым көрсетіліп, адам ұрлау оқиғасының басты кейіпкеріне айналсаңыз, «байқамай» жеке затыңыздың біреуін түсіріп алыңыз. Тек, ұялы телефоныңызды өзіңізбен бірге ұстаңыз. Осылайша, құқық қорғау қызметкерлері алаяқтардың ізіне оңай түседі.

 

2. Жедел сатыда қылмыскермен бірге қалсаңыз

Мұндай жағдайда лифтінің барлық батырмаларын басып шығыңыз. Сонда диспетчер оқыс оқиғаға байланысты хабар алады. Сондай-ақ, бұл қаскөйдің ойын адастыруға да көмек береді.

 

3. Табиғаттың тосын апатын қалай анықтауға болады?

Кез-келген сусынды шайқап, ыдысқа құйыңыз. Егер көпіршіктер ыдыстың айналсына кетсе, демек ауа-райының ашық болғаны. Ал, керісінше, олар ыдыстың ортасына жиналса, демек, күн бұзылады деген сөз. Бұл құбылыс атмосфералық қысымның ауадағы көпіршіктерге әсерінен болады. Қысым жоғары болса, оларды шетке ығыстырады. Бұл күннің көзін бұлт жаппайтындығының белгісі. Қысым төмен болған жағдайда көпіршіктер қозғалыссыз қалады. Бұл құбылмалы, жауын-шашынды ауа-райының белгісі.

 

4. Ұшақпен көкке көтерілер алдында және қонарда жинақталыңыз

Ұшардан және қонардан 3 минут бұрын ешнәрсеге елеңдемеңіз. Статистика бойынша, әуедегі аптаттардың 61%-ы дәл осы уақытта болады екен. Сондықтан, барынша сақ болғаныңыз жөн!

 

5. Егер ас үйдегі пештен өрт шықса...

Мұндайда оны сумен сөндіруге болмайды. Қызыл жалынға кәдімгі ас содасын себіңіз. Ашық жанып жатқан отпен әрекеттескенде, көмір қышқыл газы бөлініп, тілсіз жауды ауыздықтауға болады.

 

7. Қиын жағдайда өз-өзіңді қалыпқа келтіру жолдары

Дүрбелең – қауіпті кезде өміріңді тығырыққа тірейтін бірден-бір фактор. Сондықтан, оқыс оқиғалардан бірден шығып, өз-өзіңді қалыпқа келтіру үшін төмендегі қарапайым әрекеттерді орындау жеткілікті.

 

  • Айналаңызға мұқият зер салыңыз.
  • Жаныңыздағы заттарды атап, оларды іштей санап көріңіз. Осылайша, «қазір және осында» кезеңіне орала аласыз.Баяу демалыңыз.
  • Мұрыныңыз арқылы дем шығарыңыз. Кеудемен емес, ішпен демалуға тырысыңыз. Дем алудың ұзаққа созылғанын қадағалаңыз.
  • Қандай сезімдесіз, соның бәрін сыртқа шығарыңыз.

 

8. Рөлде келе жатқанда, көзіңіз шаршаса ...
Ұзақ жолда жүргізушінің көзі шаршайтыны белгілі. Ондайда оның жанары тек алдыңғы бағытты ғана байқап, жан-жағындағы құбылысқа зере сала алмайды. Бұл өз кезегінде жолдағы жаяу жүргіншіні қағып кетуге әкеледі.

 

Көздің шаршауын басу үшін жолға шығар алдында камфор майын дайындап алыңыз. Көздегі жайсыздықты сезген бойда жақпа майды көздің айналасына жағып, тереңірек тыныс алыңыз.

 

9. Қарсыластың көңілін аулау үшін ...


Егер сізге қоқаң-лоқы көрсетіп, қорқытатын болса, жалынышты адамның кейпін көрсетіңіз. Жылаңыз, аяушылық танытуын сұраңыз. Немесе, түшкіріп, бет орамалмен мұрныңызды сүртіп, қарсыласыңыз жиіркенер әрекеттер жасаңыз. Ол жүрегі айнып, назарын басқа жаққа аударғанда қашуға немесе оған қарсы әрекет етуге мүмкіндік туады. Айтпақшы, мұндайды полицейлер ізіне түскен ешкімнің жоқ екеніне көз жеткізу үшін айла ретінде пайдаланатын көрінеді.

 

Назира Қасымбек
  •  378