Tesla-ның бас инженері Apple-ге қайта оралды. Мұны тыңшылық дейміз бе әлде жағдайдың жақсы болғаны ма?

15.08.2018

 

Mac-ты аппарататтық қамтамасыз ету бойынша вице-президент Дуг Филд Tesla-ның бас инженері лауазымы үшін Apple компаниясынан кеткен еді. Бүгінде ол бұрынғы жұмыс орнына қайтып оралды. Бұл жаңалықты компания өкілдері растады. Филд қазір өзін-өзі басқаратын автомобильдер бағдарламасы аясындағы құпия Project Titan жобасы бойынша жұмыс істеуде.

 

Филд «Tesla» компаниясында өндіріс пен инженерингке жауапты болған. Алайда, осы жылы басшылық бұл міндетті өз мойнына алды. Бұған олардың бірінші тоқсандағы 3 Model бойынша бастапқы мақсаттарының орындалмауы себеп болған.

 

Apple Tesla-ға бәсекелес бола ма?

Бейресми дереккөздерінің мәліметінше, Project Titan бастапқы кездегі жоспардан бірнеше есеге кішірейген. Ал, Apple болса, өзінің бағдарламасына автомобиль-өндірушілер арасынан серіктес іздеуде. Гурбердің ойынша, Филдің қайтып оралуы компанияның автомобиль шығаруға деген қызығушылығының орасан зор екенін білдіреді. Екі алпауыттың арасында қызметкерлердің алмасуы жиі болып тұрады.

 

  •  526