Facebook 3D принтері арқылы шығатын қаруларға тоқтау салды

15.08.2018

 

Buzzfeed News-тің хабарлауынша, әлеуметтік желі заңсыз файлдардың таралуы бойынша күрделі мәселелермен бетпе-бет келуде. Сондықтан да, ол 3D принтерде қару шығаруға арналған нұсқаулығы бар веб-парақшалар сілтемесінің таралу мүмкіндігін тарылтуда. Осы айдың басында Сиэтлдегі АҚШ соты қару шығару бойынша сандық (digital) жоспарларға тоқтау салған. Бұдан бөлек, желі қазір сенаторлар көзіне де жақсы көрініп отырған жоқ. Шілдеде Facebook 60 млрд долларын жоғалтты.

 

Өткен аптада Facebook пен Instagram CodeIsFreeSpeech.com және өзге де сайттардағы қару жасау ақпараты жайлы жалған хабарламалар алған. Енді тыйым салу ресми сипатқа көшті:

 

3D принтерді қолдану арқылы қару шығару нұсқаулығын тарату және бөлісу қоғам сипатына сай тыйым салынады. Өз саясатымызға сай, мұндай сипаттағы хабарлар Facebook парақшасынан өшіріледі.

 

Бұл шынымен үлкен қауіп пе?

 

Ақпарат агенттіктеріне Facebook үш өлшемді модельде басып шығаруға қойылар талапты күшейтіп жатқанын айтты. Алайда, талқылауға әлі де нүкте қойылмаған.

 

Таяқтың екі ұшы бардай бұл мәселе көптің ойын сан тарапқа бөліп отыр. АҚШ-тың кей штаттарында қару асынып жүру заңға қайшы еместігін ескерер болсақ, бұл қағида өз күшіне қалай енбек? 3D принтері арқылы қару басып шығу қолжетімді болса, жергілікті органдар оны жасау нұсқаулығы мен жоспарының таралуы шеңберінде қалай күреспек?

 

Бұл сұрақтарға нақты жауапты алдағы күндері алатынымызға кәміл сенеміз.


 

 

Назира Қасымбек
  •  1434