Алғашқы нағыз 5G жылдамдық

10.08.2018

 

5G жылдамдықтағы сымсыз болашақтың ауылы алыс емес. Аталмыш жылдамдықтағы смартфон желіде таныстырылып үлгерді. Motorola ұсынған Moto Z3 телефоны Snapdragon 835 мобильді платформасында жұмыс істейді. Жаңа құрылғының бағасы 480 АҚШ доллары. Бұл 5G жылдамдықтағы алғашқы телефон. Американдық журналист Алан Фридман (Alan Friedman) жаңа модульдің ерекшеліктерін саралады.

 

 

5G Moto Mod-ты қолданушылар 2019 жылы сатып ала алады. Онда Verizon операторының 28 гигагерц миллиметр болатын радиотолқын диапазоны пайдаланылады. Әзірше, жаңа нұсқада Qualcomm-нің (X50 5G NR және X24 LTE-Advanced) екі модемі қолданылады деп жоспарлануда. Осылайша, телефонда 4G мен 5G қатар қолданыста болмақ. Модемдер құрылғыдағы тапсырмаларға байланысты іске қосылады.

X24 LTE модемі веб-навигация секілді күнделікті тапсырмаларға арналады. X50 5G — видео трансляция, музыка, фильм мен телевизиялық бағдарламаларды жүктеуге арналады. Мұндай тапсырмалар үшін аталмыш жылдамдықтың пайдасы шынымен де айтарлықтай сезіледі.

 

 

Лабораторияда оның жылдамдығы секундына 3,5 гигабитті құрайды. Қарапайым өмірде секундына 1 гигабит болмақ. Сынама кезінде жылдамдықтың ең жоғарғы шегі секундына 1,2 гигабитке жеткен. Ал, шынайы өмірде секундына 350-450 мегабит болуы ықтимал.

 

 

3000 мАч болатын телефон аккумуляторы 5G-ге сәйкес келмейтін болып шықты. Сол үшін оған 2000 мАч болатын арнайы батарея ойластырылды. Алғашында ол тек жаңа құрылғымен ғана жұмыс істейді. Кейін Moto Z2 моделіне апгрейд жасалғаннан кейін, ол бұған да мүмкін болады. Ал, жалпы Moto Z моделінің толықтай жаңаруы әлі белгісіз.

 

 

Назира Қасымбек
  •  1858