Уақыт жұмбағы: Неге ол өз жылдамдығын әрдайым өзгертеді?

13.07.2018

 

Есейген сайын уақыттың тез өтіп жатқанын байқайсыз ба? Ал, кейбір сәттер бір ғасырға созылғандай күй кешесіз бе? Бұл сұрақ тек қарапайым тұрғындарды ғана емес, сонымен қатар, ғалымдарды да алаңдатып отыр. Осы себептен олар уақытқа байланысты бірнеше эксперименттер жүргізген екен. Бұл олардың қолдарынан келе қойды ма? Нәтижесін бірге білейік.

«Тез әрі қызық» – «Іш пыстырарлық пен баяулыққа» қарсы. Уильям Джеймс

Бұл қарапайым тәжірибені осыдани 100 жыл бұрын америкалық философ, психолог Уильям Джеймс ойлап тапқан. Ең қызығы, бұл экспериментті сіз де жасап көрсеңіз болады. Оятарыңызды бір минуттан соң шырылдайтындай қылып қосып қойыңыз. Енді уақытқа мән беріңіз. Секунд санаудың қажеті жоқ. Бар болғаны күтіңіз. Ештеңке істемей, жай ғана көзіңізді жұмып отырсаңыз болғаны. Мұндай жағдайда 1 минуттың өзі ұзақ болып көрінуі мүмкін.

Бұл тәжірибе өте қарапайым тілмен түсіндірілген. Біз уақытқа аса қатты мән бергенде, ол өте ақырын жылжиды. Мәселен, жұмыс күндері бәрімізге уақыт өтпейтін тәрізді боп көрінеді. Ал, демалыс қалай басталса, солай тез өте шығады. Бұл құбылыс уақытты қабылдау парадоксы деп аталады.

 

Жаңашылдықпен уақытты қабылдау. Александр Кроник

Экспериментке қатысушыларға бірінен соң бірі ауысып отырған картиналар ұсынылды. «Машина, машина, машина, үй, машина, машина...». Енді оларға экранда қай картина ұзақ көрсетілді деп сұрағанда олар бірден үй деп жауап берді. Бұған себеп: картина өзгелерден ерекшелене білді. Бұл заңдылықты ресейлік ғалым Александр Кроник ашты. Ол үшін ғалым тағы бір тәжірибе жүргізді. Қатысушылар өмірлерінен өзара байланысты бірнеше оқиғаларды еске алу керек еді. Осыған сәйкес, олар уақыттың қаншалықты тез қарқынмен өтіп жатқанын байқады. Кімде-кім өткен мен қазіргінің және болашақтың арасындағы байланысты көре білсе, олар үшін уақыттың желдей ескені байқалады. Бұл бір жағынан олардың миы барлық уақыттағы оқиғаларды бірге ұстап тұрғандығын көрсетеді.

 

Қорқыныш сәті мәңгілікке ұласқандай – Дэвид Иглман

Хьюстондық нейробиолог Дэвид Иглманды неге адамдардың өміріне қауіп төнгенде олар бәрін баяулатылған кескінде көреді деген сұрақ мазалаған. Ол мұндай сәттерде адамның миы өз жұмысын бірнеше есе жеделдетеді деп болжады.

Өз тұжырымын растау үшін Иглман келесі тәжірибені жүзеге асырды. Бірнеше экспериментке қатысушылар 50 метрлік биіктіктіктен қорғаныссыз секірді. Бұл дайындықсыз адам үшін өте қорқынышты екені сөзсіз. Олар өзгенің секіргеніне қарағанда өздерінікі өте ұзақ болып көрінгенін айтады. Ал, мидың тез әрекет ету теориясы расталған жоқ. Арнайы құрылғылар мидағы қандай да бір артық әрекеттерді анықтамады.

 

Уақыт қандай қарқынмен жылжыса да, әр мезеттің қадіріне жете білейік!

  •  1775