Робот-даяшылар

10.07.2018

 

Шанхайда орналасқан әйгілі мейрамхана қызметкерлерін роботқа алмастырды. Бұл жаңашылдық технологияның дамығандығының айқын көрінісі. Мейрамхана  Alibaba компаниясына тиесілі. Енді мұнда даяшының жұмысын роботтар атқаруда. Басшылықтың айтуынша, олардың қызмет көрсетуі қызық әрі ерекше. Мейрамхана келушілерді өзінің бірегейлігімен таңдандырып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлауда.

Технологияның мұндай жаңашылдығын іс-жүзінде қолдана білгендер саусақпен санарлық. Мәселен, Сиэтлдегі  Amason Go дүкенін де осы қатарға жатқызуға болады. Ол кассаның жоқтығымен ерекшеленеді. Сатып алушылар қалағанын ала алады. Барлығы смартфон арқылы жүзеге асып отырады. Алайда, мұнда бәрі бір реттен қалыпты бола қойған жоқ. Алғашқы күні-ақ дүкенде ұзын-сонар кезек болған.

Теңіз тағамдарын дайындайтын мейрамханаға қайта оралсақ. Кіре берісте сізді әкімші күтіп, сенсорлық экран арқылы тапсырыс берген үстелшеге апарады. Бұдан робот сканерленген QR-код арқылы сіздің қай үстелшеде, неше адам отырғандықтарыңызды лезде біледі. Сондай-ақ, сіз өзіңіз жегіңіз келген тағамды QR-кодтың көмегімен тіркеп, кассадағыларға бересіз. Қызметкерлерге сіздің тапсырысыңыз туралы хабарлама түседі.

Аспазшылар сіздің тапсырыңызды дайындап, арнайы контейнерлерге салады. Осылайша, дайын асты робот сізге еш кедергісіз табыстайды. Бұл жүйе бір жағынан уақыт үнемдесе, енді бір жағынан тағамдарыңыз өзге біреудікімен шатасып кетпейді.

Ал, біздің елге мұндай даяшы-роботтар қашан келеді екен? Оны уақыттың еншісіне қалдырайық.

  •  470