Wear OS: Samsung смарт-сағаттары

10.07.2018

 

Заманауи смартфондардың көбісі Google компаниясындағы Android операциялық жүйесінің жетегінде жұмыс істейді. Жаңа мәліметтерге сәйкес, алпауыт компанияның бағдарлама платформасы басқа операциялық жүйе пайдаланылған жерлерде де қолданыла бермек.

 

Биылғы жылдың мамыр айында әйгілі «типстер» Эван Бласс Samsung қызметкерлерінің қолынан Wear OS операциялық жүйесінің басқаруындағы Gear смарт-сағаттарын көрген. Соның нәтижесінде Samsung Google компаниясының басшылығымен ақылды сағаттарды шығарумен айналысады деген қауесет пайда болды. Біраз уақыттан соң Эван Бласс сөз болған сағаттардың Google-да жасалған көшірмелері екенін қосымша хабарлады. Samsung сағаттарында Wear OS-тың қолданылуы мүмкін деген болжам шыңдыққа айналуы мүмкін дейді gsmarena.com. сайты.

 

Google-дің операциялық жүйесін қолданған – Samsung Galaxy Watch

 

Ice Universe-тің хабарлауынша, құрылғының «Galaxy Watch» деп аталуы екіталай. Өйткені, Samsung компаниясы басқа платформадағы (Google — Android) өнімдеріне осындай атау берген. Ақпарат көздерінің мәліметінше, аталмыш құрылғы қан қысымын өлшейді. Сондай-ақ, компанияның бұған деген патенті де бар.

Құрылғының техникалық мінездемесіне келер болсақ, PLP (Panel Level Package) процессордың шағын әрі арзан болуына мүміндік туғызбақшы. Сонымен қатар, смарт-сағаттармен өзара байланыс кезінде жаңа қолданушы тәжірибесі де енгізіледі деп болжануда. Galaxy Watch-тың қуаттылығы 470 мА / сағ батарея сыйымдылығымен қамтамасыз етіледі.

 

Не десек те, смарт-сағаттар жайлы қазір тек болжам ғана айтылуда. Сондай-ақ, олар Samsung Note 9-бен бірге 9 тамызда қалың жұртшылыққа таныстырылады деп жоспарланып отыр. Осыған дейін сағаттар ОС Tizen операциялық жүйесінде шығарылса, енді олардың Wear OS-та жарыққа шығуы жаңалық болмақ.

 

 

  •  1739