Неге бәрі «MADE IN CHINA?»

04.07.2018

 

Европа мен Америка өндірістік қуатын не себепті Қытайға жіберетіні жайлы ойланып көрдіңіз бе? Оған қоса, бұл кәсіпорындар өз елдерінде жапай жұмыссыздық туғызып, түгелдей өндіріс тамырына балта шауып отыр. Бұл – Қытайдағы жалақы төмен   болғандықтан өндірістің арзан болуымен түсіндіріледі. Алайда, жоғары технологиялық гаджеттер бағасының қанша пайызы жұмысшылардың еңбекақысына кетеді? Технологияның көп бөлігі адам қолымен емес, машиналар арқылы жүзеге асады емес пе?

 

Тағы бір болжам. Аспан асты елінің тұрғындары еңбекқор әрі жауапкершіліктері жоғары. Алайда, коммунистік идеологияның ойға келмейтін пропагандасының бірі олардың еркіндікті жақсы көретіндігін айтады. Сол үшін де, олардан жақсы нәтиже болғанын қаласаң,  қастарыңда таяқпен тұруың керек. Сондықтан да, «Қытайда жасалған» өнімдердің сапасы төмен. Оны тек жіті қадағалаудың арқасында ғана жақсартуға болады.

Мінеки, болжамдардың көбісі осындай. Ал, енді шынымен де дамыған елдер неге өз өндірісін Қытай жеріне әкелетініне тоқталайық.

 

Кез-келген жоғары технологиялық өнімді жасау үшін жер бетінде сирек кездесетін металлдар  қолданылады. Мәселен, iPad-та олардың аз дегенде 17-сі кездеседі: литий-ион батареясында лантан,  құрылғының беті мықты болу үшін жақтауындағы магниттерде неодим қорытпасы, беткі шынының жылтырауында оксид церия пайдаланылады.

 

Ең қызығы Қытайда сирек кездесетін металлдардың 95-97%-ы өндіріледі екен! Сондай-ақ, оларды елден таза күйінде экспорттауға рұқсат етілмеген. Тек, дайын өнімдер ғана шекараның ар жағына шығарылады.

 

Мінеки, жоғары технологиялық құрылғыларға деген қытай монополиясының  саясаты! Америкалық  «Molycorp» пен австралиялық  «Lynascorp» компаниялары өз елдерінде аталмыш металлдарды өндіруді жоспарлаған. Алайда, бұл мүмкін емес! Өйткені, өндіріс өнімдерін сирек кездесетін жер асты байлықтарымен қамтамасыз ету үшін жылына 136 000  тонна  металл керек. Бұл қажеттілікті тек Қытай ғана өтей алады.

Батыстың компьютер, смартфон, гаджет, плеер,  GPS-навигаторлар мен жоғары технологиялық ойыншықтар шығаруға мүмкіндігі жоқ. Бұл тек Қытай аумағында ғана іске асады.

 

Бұл ақпарат әлемдік экономикаға мүлдем басқаша көзқараспен қарауға жетелейді. Қытайдың бүкіл әлемді алақанында оп-оңай ұстап отырғандығының себебі осы.

 

Назира Қасымбек
  •  535