Екі сағаттың ішінде қалай 600$ табуға болады?

03.07.2018

 

Стэнфорд университетінің студенттері бизнеске қатысты ерекше тапсырма орындаған. Қатысушы 14 командаға «бастапқы капитал» ретінде 5$ мен ЕКІ сағат уақыт берілген. Тапсырма соңында әр команданың еншісінде өз жобаларын қорғауға 3 минут уақыттары болды.

Онда көлік жуатын орын немесе салқын сусындар сататын дүкен ашу сияқты ұсыныстар айтылды. Бұл жағдайда 5$ жұмысты бастау үшін азық-түлік пен құрал-жабдық сатып алуға жұмсалу керек еді. Одан бөлек, аз уақыт ішінде көп ақша табуға байланысты түрлі ұсыныстар болды.

 

Алайда, бәрінен көп ақша тапқан команда бастапқы капиталға мүлдем тиіспеген. Олар бұл ақшаның еш көмектесе алмайтынын түсінген. Сол үшін мәселені басқа жағынан қарап көрді. Осылайша, олар бәрін НӨЛДЕН бастау туралы шешімге келді.

 

Бірінші топ студенттер қалашығында орналасқан дәмханалардағы ұзын-сонар кезекке мән берді. Әр сенбі сайын адам лық толы болатын жерде келушілерге көмектесу керек деген шешімге келді. Команда мүшелері дәмханалардағы бірнеше үстелдерді алдын-ала алып қойды. Сөйтіп, үстелшелерге деген ұзақ кезектің уақыты басталғанда, мейрамханаға кіру мүмкіндігін 20$-ға сатты.

Екінші топ мүлдем басқа әрекетке көшті. Олар студенттік одақтың дәл алдына арнайы үстелдер орналастырып, велосипед дөңгелектерін тегін үрледі. Алғашқы бірнеше клиент олардың бұл қызметіне алғыстарын білдірді. Қызметтің тегін әрі жеңіл болуы көптің көңілінен шықты. Бір сағаттан соң команда ақылы қызметке көшті. Онда тек, клиент қызметтің құнын өзі белгіледі. Кіріс сол сәтте-ақ бірнеше есеге көбейді.

 

Топтың әрбір жобасы өзгелерге таңданыс сыйлаумен қатар, бірнеше жүз доллар пайда әкелді. Ал, келесі бір команда екі сағат ішінде 650$ тапқан. Олар қолда бар ресурсқа мүлдем басқа қырынан қараған.

 

Бұл студенттер ең құнды нәрсе 5$ да, 2 сағат та емес екенін түсінді. Жұмадағы 3  минуттық таныстырылым уақыты бәрінен қымбат екенін дер кезінде ұқты. Осылайша, олар осы уақытты студенттерді жұмысқа шақырғалы отырған компанияға сатты. Олар аталмыш компания жайлы үш минуттық жарнама түсіріп, оны студенттерге көрсетті. Бұл жұмысты олар аладыңғы аптада істеген істерін баяндаудың орнына қолданды. Бұл сол жердегі ең керемет шешім еді.

 

Ал, Сіз қалай әрекет етер едіңіз, құрметті оқырман?

Назира Қасымбек
  •  565